Базалық станциялардың денсаулыққа зияны жоқ

Сайт әкімшілігі

27.08.2020, 13:45

40

Шымкент қаласының цифрландыру басқармасының мамандары мобильді базалық станциялардың адам денсаулығына зияны жоқ екенін айтып, тұрғындарға арнайы кәсіби мамандардың қорытындысы мен ресми дерек көздерге сүйенуге шақырды.

Мамандардың айтуынша, базалық станциялардың радиотолқындары күнделікті үйде тұтынатын микротолқынды пештің радиотолқынынан 20 есе аз екен.

«Мобильді базалық станциялардың арқасында барлық қоңыраулар мен фото-видео материалдар өз адресатына жетеді. Ондағы радиотолқындардың адам өміріне ешқандай қаупі жоқ. Бұл туралы уәкілетті органдардың арнайы тиісті сараптамалық қорытындысы жасалды. Станциялар барлық санитарлық нормаларды сақтай отырып, орнатылады. Толқындар энергиясы тұрғын үйлер деңгейінен жоғары болуы үшін антенналар вертикалды түрде бағытталады. Үй терезесінің өзі радиосигнал қуатын екі есе азайтса, үйдің қабырғалары мен шатыры 30 есеге азайтады. Яғни, адам өмірі мен денсаулығына базалық станциялардың зияны жоқ»,-деді басқарма өкілі Д.Әлібеков.

Бүгінгі таңда әрбір тұрғын үйдің интернетке қолжетімділігін арттыру мақсатында қала аумағы бойынша 11 базалық станция орнату бойынша тиісті жер телімдері бөлініп, мемлекеттік актілері рәсімделді. Сонымен қатар, интернет сапасы төмен аймақтар анықталып, базалық станциялар орнату бойынша 14 орын нақтыланған.

Тегтер:

ҰҚСАС ЖАҢАЛЫҚТАР

Сайт әкімшілігі 30.11.2020, 17:13
Шымкентте коронавирус жұқтырған оқушы жоқ
Нұрболат ӘЛДИБЕК 30.11.2020, 16:33
Таразда кезекте тұрған 80 мұқтаж отбасы үйлі болды
Сайт әкімшілігі 30.11.2020, 13:04
COVID-19: қай өңірлердің "қызыл аймаққа" енгені белгілі болды
Сайт әкімшілігі 30.11.2020, 12:03
Алматы облысына қарасты жолдар жабылды
Сайт әкімшілігі 30.11.2020, 10:18
Үш адам қайтыс болды - көлік апатының мән-жайы
Сайт әкімшілігі 30.11.2020, 10:13
Алты облыста жел соғып, бұрқасын болады

Аңдатпа


  • «Утемисов», «Датулы», «Клышев» көшелерінде тұрамыз
    30.11.2020, 14:35
  • "ХҚКО-ның санитарлық тораптарында «жағдай» айтарлықтай мәз емес"
    30.11.2020, 13:59
  • COVID-19: қай өңірлердің "қызыл аймаққа" енгені белгілі болды
    30.11.2020, 13:04
  • Көлік қаққан балалардың құқы аяқ асты таптала бере ме?! (видео)
    29.11.2020, 10:26
  • Оқушының үндеуіне министрліктегілер жауап берді (видео)
    28.11.2020, 17:05