07.01.2021, 11:42
3759
Мұны істің ақ-қарасы анықталғанда білетін боламыз. Әзірге білгеніміз мынау: Бүгін Қарағандыдағы базарлардың маңында орналасқан контейнерлердің бірінен денесінде зорлық-зомбылық белгісі бар 35 жасар еркектің мәйіті табылды. Оқиға орынында қалалық патрульдік полиция полкінің қызметкерлері іздестіру жұмысын жүргізді. Түс ауа, тәртіп сақшылары қанды оқиғаға қатысы бар деген күдікпен, 37 жастағы азаматты ұстады. Тергеу барысында айыпкер марқұмен сөзге келіспей, артынан денесіне жарақат салып жәбірлеп өлтіргенін өз еркімен мойындады. Қазір күдіктінің үстінен, ҚР Қылмыстық кодексінің 99 бабы, яғни «адам өлтіру» фактісі бойынша іс қозғалды.
ҰҚСАС ЖАҢАЛЫҚТАР