Базарқақпаға кәріз жүйесі қайта жүргізіледі

Сайт әкімшілігі

24.10.2020, 09:39

97

Шымкент қаласының әкімі Мұрат Әйтенов Еңбекші ауданына қарасты Базарқақпа тұрғын алабындағы өзекті мәселе болып отырған кәріз жүйесінің жұмысымен танысты. Бұл туралы Шымкент қаласы әкімінің баспасөз қызметі хабарлады.

Базарқақпа тұрғын алабында орталық (магистралды) кәріз жүйесі Тельман, Далабазар көшелерінен өткен. Көршілес Шаңырақ шағынауданындағы орталық кәріз жүйесі Айбота көшесінен өткен. Аталған кәріз жүйесі 2010 жылы бітеліп, істен шыққан.

2017 жылы мердігер мекеме «ТКСК-Строй» ЖШС-і 3,3 шақырым кәріз жүйесіне құрылыс жұмыстарын жүргізді. Нәтижесінде 20 көпқабатты үй кәріз жүйесіне қосылған.

Алайда, тұрғын алапқа толықтай магистралды кәріз жүйесін орнатуды және ішкі кәріз жүйесін қосуды талап етеді. Себебі шайынды лас сулардың Сайрам су өзеніне ағымын тоқтатпаудан табиғатқа зиян келуде.

Жағдаймен таныс болған Мұрат Әйтенов орталық кәріз жүйесін қалалық энергетика және шаруашылық басқармасының теңгеріміне өткізіп, қайта құрылыс жұмыстарын жүргізу жөнінде тапсырма берді.

Тегтер:

ҰҚСАС ЖАҢАЛЫҚТАР

Арайлым ЕРКЕБАЕВА 27.02.2021, 22:00
Судьяның тәртібін комиссия қарады
Сайт әкімшілігі 26.02.2021, 14:02
БҚО-да жол апатынан 4 адам қаза тапты
Сайт әкімшілігі 26.02.2021, 12:36
Түркістанға «Гам-КОВИД Вак» вакцинасы жеткізілді
Сайт әкімшілігі 26.02.2021, 11:21
Бірқатар өңірлерде жолдар жабылды
Бақытжан ӘБДІРАШҰЛЫ 26.02.2021, 09:18
Қос азаматтығы бар шенеунік басшылық қызметте қалай жұмыс істеген?
Нұр-Қасым ЖОМАРТ 26.02.2021, 09:15
Ардагерлер кеңесіне ұстанымы биік тұлға қажет

Аңдатпа


  • Буырқанған дауылда сыналған басылым
    25.02.2021, 13:12
  • «Жас Алаштан» басталған журналистік жол
    23.02.2021, 10:51
  • «Жас Алаштың» 100 жылдығымен құттықтаулар легі басталды
    22.02.2021, 13:50
  • «Қасымның тағдыры бұрмаланған»
    19.02.2021, 09:41
  • Түркістан облысында "Жас Алаштың" атында мектеп бар
    15.02.2021, 10:51