Бірінші кезекте ана мен бала саулығы

Бақытжан ӘБДІРАШҰЛЫ

05.03.2021, 12:48

1672

Түркістан облысының денсаулық сақтау саласы еліміз бойынша алдыңғы қатардан көрінді. Бұл жөнінде Премьер-министрдің орынбасары Ералы Тоғжановтың қатысуымен өткен Денсаулық сақтау министрлігінің өткен жылғы қызметінің қорытындылары мен биылға арналған міндеттері бойынша кеңейтілген алқа отырысында мәлім болды. Өткен жылдың қорытындысы бойынша 20 көрсеткіштің 18-і бойынша жоғары нәтижеге қол жеткізді. Түркістан облыстық қоғамдық денсаулық басқармасы басшысы Марат Пашимовтың айтуынша, ең бірінші кезекте ана мен бала саулығы, жансақтау және ота жасау мен жедел жәрдем қызметін күшейтуге басымдық берілген. Медициналық ұйымдардың материалдық-техникалық базасын жабдықтау мақсатында 2,5 млрд. теңгеге 205 дана медициналық техника сатып алынған. Мемлекеттік-жекешелік әріптестік тетігі арқылы 9 фельдшерлік амбулаторияның құрылысы жүргізіліп, оның 5-уі пайдалануға берілсе, биыл төртеуі ашылады. Түркістан облысында  медициналық ұйымдар 73 пайызға медициналық ақпараттық жүйесіне қосылған. Қазіргі таңда облыс бойынша 2 медициналық ақпараттық жүйесі жұмыс істейді. Бүгінгі танда облыс бойынша дәрігер мен орта буынды медициналық қызметкерлердің жұмыс орындары компьютерлік техникамен жабдықтау 100 пайызды құрайды.Облыс бойынша толығымен электрондық денсаулық паспорттары жасақталды. 400 мыңға жуық адам мобильді қосымшасын пайдаланады. Жыл соңында 10,5 мыңнан астам азамат дәрігердің қабылдауына жазылған.

Тегтер:

ҰҚСАС ЖАҢАЛЫҚТАР

Сайт әкімшілігі 05.06.2023, 08:20
Таиландта комаға түскен қазақстандық көз жұмды
Сайт әкімшілігі 02.06.2023, 20:00
Алматыда көру қабілеті бұзылған балалар арасында шоудаун бойынша Қазақстандағы алғашқы турнир өтеді
Б.СӘРСЕНБІ 02.06.2023, 13:24
Идея – жастардан, қолдау – мемлекеттен!
Арайлым ЕРКЕБАЕВА 02.06.2023, 12:23
Мағынасыз көше атаулары өзгереді
Айтбала СҮЛЕЙМЕНҚЫЗЫ 02.06.2023, 07:55
БАӘ Қарағандыдан саумал сатып алады
Бифат ЕЛТАЕВА 01.06.2023, 13:08
Ерікті жастардың қоғамға тигізер пайдасы

Аңдатпа


  • Ораловтың барында...
    06.06.2023, 10:17
  • Ұстағанның қолындағы, тістегеннің аузындағы қазақ ураны
    06.06.2023, 09:46
  • Жалған кәсіпкерлер, алаяқ аналар
    06.06.2023, 09:00
  • Өзбекстан қай жолды таңдады?
    02.06.2023, 10:15
  • Жұманғариннің жиналыстары. Бас шұлғитын әкімдер, орындалмайтын тапсырмалар
    01.06.2023, 10:11