07.12.2020, 15:48
693
«Қазгидромет» РМК-сы 8-10 желтоқсан аралығындағы ауа райы болжамын жариялады.
Еліміздің алты өңірінде ауа райына байланысты ескерту жарияланды Об шығанағынан Қазақстанға жылжып келе жатқан циклон жырасының салдарынан елде қар жауады, алайда күн жылына түседі. Кей жерлерде тұман түсіп, көктайғақ болады. Жел күшейіп, бұрқасын болады.
Ақмола, Жамбыл облыстарының кей жерлерінде тұман түседі, боран соғып, жел екпіні 15-20 м/с жетеді.
Түркістан облысының кей жерлерінде тұман түсіп, күндіз боран соғады. Жел жылдамдығы — 15-20 м/с.
Алматы облысында кей жерлерде тұман түседі, көктайғақ болады.
Шығыс Қазақстан, Қарағанды облыстарында тұман түсіп, жаяу бұрқасын көтеріледі. Батыс Қазақстан, Қостанай, Солтүстік Қазақстан, Павлодар облыстарының кей жерлерінде тұман түседі. Маңғыстау облысының солтүстігінде 23 градусқа дейін қатты аяз сақталады.
ҰҚСАС ЖАҢАЛЫҚТАР