Биыл Нұр-Сұлтанның қандай аудандары газдандырылады?

Еркежан АРЫН

23.07.2021, 12:44

944

      Нұр-Сұлтан қаласының әкімі Алтай Көлгінов өзінің Instagram парақшасында елорданың тұрғын аудандарын газдандыру барысы туралы айтты. «Күзде елорданың тағы жеті тұрғын ауданын газбен қамтамасыз етеміз. Оның ішінде бүкіл Оңтүстік-Шығыс бар. Сыртқы желілерді қосқаннан кейін тұрғындарға үйдің ішіне желілерді орнатуы, қажетті жабдықты сатып алуы және т.б. қажет болады. Жеке сектор тұрғындары көмір сатып алу, оны сақтау, сапасы туралы мәселелерді ендігі ұмыта алады», – деп жазды елорда әкімі.

       Айналма жұмыстары кезінде оңтүстік-шығыстағы газдандыру барысымен таныстым. Мысалы, 8-ші ұшыру кешеніндегі құрылыс-монтаждау жұмыстары 95 пайызға аяқталды. 90 шақырым газ тарату желілері салынды. Бұл аумаққа Промышленный, Оңтүстік-Шығыс (сол жағы) аудандары, оңтүстік-шығыстың оң жақ бөлігі кіреді. Қазіргі уақытта газ құбырын сынау жұмыстары жүргізілуде.

       Сонымен қатар біз 9-шы ұшыру кешенінің құрылысында жұмыс істеп жатырмыз. Бұл оңтүстік-шығыстың негізгі аумағы (оң жағы). Онда 90 шақырым желінің 65 шақырымы тартылған. Ағымдағы жылыту маусымында бүкіл Оңтүстік-Шығыс тұрғындары газға қосыла алады. Бұл – шамамен 4000 үй. 150-ге жуық үй орналасқан «Қазақауыл» (Қараөткел) шағынауданын газдандыруға келетін болсақ, жобалық-сметалық құжаттама әзірленуде.

       Өткен айда Көктал-1 ауданы газбен толық қамтамасыз етілді. Тек осы ауданда тағы 2600 үй газға қол жеткізді. Тұрғындарға үй ішіндегі желілерді қосу қажет болады. Сонымен қатар біз Агрогородок ауданында (2020 жылы қосылмаған), Промышленныйда газ тарату желілерін салуды жалғастырамыз. Сондай-ақ «ҚазТрансГаз Аймақ» АҚ Күйгенжар, Мичурино, Интернационал қалашықтарында желілер салуда. Осы аудан тұрғындары да жаңа жылыту маусымында газға қосыла алады.

      Өткен жылыту маусымында Железнодорожный, Көктал-2 және Агрогородок аудандарының тұрғындары газға қосылуға мүмкіндік алды. Содан кейін 345 шақырым кварталішілік желілер салынды. Биыл тағы 317 шақырым газ тарату желісін саламыз, оның 220 шақырымнан астамы салынып бітті.

      Газдандыру – бұл елбасының ауқымды жобасы. Бұл жоба қоршаған ортаны едәуір жақсартады, өйткені жеке сектордағы үйлерді көмірмен жылытпайды, азаматтардың тұрмыстық жағдайы жақсарады, қауіпсіздік жоғарылайды және т.б. Газдандыру процесі мемлекет басшысының бақылауымен жүргізіліп жатыр.

Тегтер:

ҰҚСАС ЖАҢАЛЫҚТАР

Сайт әкімшілігі 14.01.2022, 13:16
"Инфекцияның келесі толқыны наурызда көбеюі мүмкін" - Алматының бас санитар дәрігері
Сайт әкімшілігі 14.01.2022, 11:49
Түркістанды ағын сумен қамтуда маңызды жобалар жүзеге асуда
Арайлым ЕРКЕБАЕВА 12.01.2022, 18:14
Кәсіпкер блок - бекетте тұрғандарға жылы киім апарды
Айтбала СҮЛЕЙМЕНҚЫЗЫ 12.01.2022, 13:15
Қарағандылықтарды тұрмыстық газдың бағасы қинап тұр
Айтбала СҮЛЕЙМЕНҚЫЗЫ 12.01.2022, 10:15
Қарағандыда 43 адам қамауға алынды
Айтбала СҮЛЕЙМЕНҚЫЗЫ 11.01.2022, 14:00
Кеншілер мен металлургтер Президентке үндеу жолдады

Аңдатпа


  • "Қазақстан халқына" қорына білім беру ұйымдары ақша аударуға міндеті емес
    17.01.2022, 14:00
  • Алматы трагедиясы: Бас прокуратура қылмысты толық аша ала ма?!
    14.01.2022, 08:54
  • Сағынтаев Алматыдағы бүлік кезінде қайда болды? (видео)
    13.01.2022, 09:30
  • Эпид ахуал күрделеніп барады. Бас санитардың қаулысы жарияланды
    14.01.2022, 08:39
  • Бүліктен бизнеске келген залал 100 миллиард теңгеден асты
    13.01.2022, 09:08