«Біз оны жұмысқа алған жоқпыз...»

Теміртаудағы құрылыс нысанында құлаған бала ауыр халде жатыр

Арайлым ЕРКЕБАЕВА

27.10.2020, 05:30

1627

Төтенше оқиға Қарағанды облысында орын алды. Тірліктің қиындығын көріп өскен 15 жастағы жасөспірім анасына қаржылай көмек беру үшін құрылысқа барып жалданыпты. Жасөспірім жұмысқа екі досымен бірге барған. Құрылыста екінші күні жұмыс жасап жүргенде, жасөспірім ғимараттың екінші қабатынан құлап кетіпті. Анасының айтуынша, құрылыс жұмысы кезінде баланың басында қорғаныш каскасы болмаған. Басынан ауыр соққы алған бала қазір Мақажанов клиникасындағы жансақтау бөлімінде жатыр. Нейрохирург дәрігерлер жасөспірімнің басына ота жасапты. Өмір мен өлімнің арасында жатқан жеткіншектің анасы #НеМолчи.KZ қорына хабарласып, көмек сұраған.

Баламның басына ота жасалғанына жеті күн болды, бірақ әлі оң өзгеріс байқалмай  отыр. Балам әлі тілге келген жоқ, жағдайы ауыр, дәрігерлер қуанарлықтай ештеңе айта алмайды. Ұлым 12 қазанда құрылыста құлаған соң, мен 13 қазан күні Теміртаудағы Ескі қала полиция бөліміне шағым түсірген едім. Бүгінде олардан еш әрекет байқалмайды. Құрылыс жұмыстарын жасатуға баламды жалдаған фирма менімен сөйлесуден қашып отыр. Басшылары ұлымның бейресми жұмыс жасағанын алға тартып, жауапкершілік алғысы келмейді. Балама, тіпті каска да бермеген әрі жұмысқа менің рұқсатымсыз алған. Мен оның жарты күн бойы қауіпті құрылыста жүргенін білмедім, – дейді жасөспірімнің анасы.

Қарағанды облысының  полиция департаменті бұл оқыс оқиға бойынша тексеру жұмыстарының жүргізіліп жатқанын алға тартуда.

Аталған факті бойынша ҚР Қылмыстық кодексі 277-бабының 1-бөлігі негізінде қылмыстық іс тіркелді. Қазір бала емделіп жатыр. Кейін сот-медициналық сараптама тағайындалатын болады. Еңбек инспекциясына тергеу  актісін  жасау үшін сұраныс жіберілді, – дейді осы оқиға бойынша полиция департаментінің баспасөз қызметі.

Бейресми деректерге сәйкес, елімізде қашықтан оқыту басталғалы жоғары сынып оқушыларының жұмысқа  жалдануы жиілеп кеткен. Алайда ресми орындар «оқушылар білім емес, күнкөріс көзін іздеп кетті» деген ақпаратпен келіспейді.  Жұмыс берушілер болса, оқушымен келісімшарт жасаспай,  арзанқол жұмыс күшін жасырын түрде пайдаланады. Осы орайда,  «аш бала тоқ баламен ойнамайды» деген мақал еріксіз еске түседі.

Отбасындағы ауыр тұрмысты көріп отырған бала әке-шешесіне көмектесу мақсатында тиын-тебен табу жағын ойластыратыны анық.

Тегтер: қауіпсіздік тұрмыс жасөспірім отбасы ауыр тұрмыс жұмыс күші

ҰҚСАС ЖАҢАЛЫҚТАР

Мариям МАҚСАТ 24.11.2020, 17:49
Ұлттық Ұлан сарбаздары Павлодарға жете алмай әлек болды
Тоқтар ҒАБДІРЕШҰЛЫ 24.11.2020, 16:57
Қар жауғанда тал егу қаржы жымқырудың тәсілі емес пе?
Тоқтар ҒАБДІРЕШҰЛЫ 24.11.2020, 10:30
Орман оталса, Орал «өкпесінен» айырылады
Нұр-Қасым ЖОМАРТ 23.11.2020, 18:46
Қызылордада жаңа әуежай салынбайды
Сайт әкімшілігі 23.11.2020, 16:59
"Ешбір тыйым болмай тұрған тойларды тоқтату керек" - Шөкеев
Арайлым ЕРКЕБАЕВА 23.11.2020, 12:59
13 жастағы жасөспірім жоғарғы қабаттан құлады

Аңдатпа


  • «Жас Алаштың» себепкер болуымен көп балалы ана жер алды
    23.11.2020, 11:20
  • Құны 68 мың теңгелік бетперденің қандай мақсатта алынғаны белгілі болды
    24.11.2020, 12:41
  • Үгіт-насихат материалдарын "Жас Алашқа" ұсыну тәртібі туралы мағлұмат
    23.11.2020, 18:42
  • Семинарға сенбеңіз, қаржылық сауаттылық туралы оқытқан алаяқ ұсталды
    23.11.2020, 10:49
  • Ауыз шаюға арналған сұйықтық коронавирусты емдей ме?
    23.11.2020, 09:56