«Бизнеске арналған үкімет»

Сайт әкімшілігі

25.11.2020, 22:33

524

Шымкентте жаңадан ашылған «Шаңырақ» орталығында «SHYMKENT» әлеуметтік-кәсіпкерлік корпорациясы» АҚ өкілдерімен кездесу ұйымдастырылды. Корпорация мамандары кәсіп жүргізу үшін 10 жылға жалға берілетін жер телімдері туралы, жеке кәсіпкерлікті дамытуға мемлекет тарапынан көрсетілетін көмек жан-жақты мәлімет берді. Бұл туралы Шымкент қаласы әкімдігінің баспасөз қызметі хабарлады.

«SHYMKENT» ӘКК өкілі Эльмира Айтмурзаева мемлекеттік қолдаудың тағы бір құралы – 1 пайызбен берілетін несие алу жолдарын түсіндірді. Э.Айтмурзаеваның айтуынша, «Бизнеске арналған үкімет» кеңсесінде кез келген қала тұрғыны бизнес идеясын жүзеге асыра алады. Менеджерлер барлық тиісті көмек көрсетіп, бизнес-жоспарды жазуға да жәрдемдеседі. Кепілге қойылатын мүлік болмаған жағдайда «Даму» қорының кепілдендіру құралын қолдану мүмкіндігі бар.

Сондай-ақ, бүгінде қалада сауда нүктесін ашуға ұсынылатын жер телімдерін беру бойынша конкурс ұйымдастырылуда. Бұл конкурсқа шағын сауда нүктесін ашуға арналған 1000-нан астам жер телімдері шығарылған.

1-пайызбен несие алу жас кәсіпкерлер мен кәсіпкер әйелдерді қолдауға бағытталған. Ер адамдар 21-29 жас аралығында, әйел адамдар 21 ден 58 жасқа дейін қатыса алады. Сонымен қатар, ер азаматтардың жеке кәсіпкерлігін растайтын мемлекеттік куәлігінің тіркелген уақыты 3 жылдан аспауы тиіс, ал әйел кісінің жеке кәсіпкерлер растайтын куәлігінің мемлекеттік тіркеу уақытында шектеу жоқ.

Тегтер:

ҰҚСАС ЖАҢАЛЫҚТАР

Сайт әкімшілігі 10:01
Қазақстанның құқықтық саласы дамып келеді
Еркежан АРЫН 08:40
Мұқтаж жандар азық-түлікпен қамтамасыз етілді
Еркежан АРЫН 27.07.2021, 12:45
Қазақстан мобильді интернет жылдамдығы бойынша әлемде көш басында
Сайт әкімшілігі 26.07.2021, 13:15
Теңізде жұмысшылар ереуілге шықты
Сайт әкімшілігі 25.07.2021, 16:55
Жөлек ауылында алғашқы дауыс берген адамға сыйлық берілді
Б.СӘРСЕНБИ 23.07.2021, 16:06
Батысқа көмек! Оңтүстік осындай ұранмен Маңғыстауға жемшөп жіберіп жатыр

Аңдатпа


  • «Жас алаштағы» жасын жылдар
    15.07.2021, 10:58
  • Ташкенттен «Жас Алаш» газетінің түпнұсқасы табылды (видео)
    07.07.2021, 13:15
  • «Жас Алаш» Түркістан төрінде
    07.07.2021, 08:59
  • Жайыққа келді «Жас Алаш!»
    28.06.2021, 09:02
  • "Жас Алаштықтар" "Қазақстанның құрметті журналисі" атанды
    24.06.2021, 13:55