05.12.2020, 09:52
901
Ақмола облысы, Бурабай кентіндегі тұрғын үйдің пәтерлерінің бірінен төрт әйелдің денесі табылды.
Ақмола облыстық полиция департаментінің «Жас Алашқа» хабарлауынша, оқиға 2020 жылдың 5 желтоқсанында болған.
«Сағат 00: 00-де Бурабай кентінің тұрғынынан Бурабай аудандық полиция бөлімінің кезекші бөліміне оның көп қабатты үйдің пәтерлерінің бірінде кісі өлтіргені туралы телефон хабарламасы келіп түсті. Тергеу-жедел тобы келген кезде осы пәтерден зорлықпен өлім белгілері бар төрт әйелдің денелері табылды. », — дейді полиция.
Полиция қызметкерлері ұрлық жасағаны үшін бірнеше рет сотталған Бурабай кентінің 28 жастағы тұрғынын анықтады. Оқиғаның мән-жайы тергелуде, Қылмыстық кодекстің 99-бабы «Адам өлтіру» бойынша сотқа дейінгі өндіріс жұмысы басталды.
ҰҚСАС ЖАҢАЛЫҚТАР