Бюджеті тесік Қызылорда

Нұр-Қасым ЖОМАРТ

29.07.2022, 07:13

1280

Аймақта мал басы қарқынды өсіп келеді. Былтырғыға қарағанда биыл 10-15 пайыздық жоғары көрсеткіш бар. Дегенмен осы төрт түлікке берер мал азығы тапшы. Шаруалар судың аздығынан жайылымдық жерлерін суғара алмай, алыс-жақын жерлерден жем-шөбін қамдауға көшкен. Айналып келгенде, бұның барлығы қаржыға тірелетіні белгілі. Облыс бюджетінен бөлінетін мал азығына арналған жылдағы субсидия былтыр да, биыл да берілмепті. Бірақ былтыр шаруаларға берілді деген субсидия облыс бюджетінен емес, қуаңшылыққа байланысты мемлекет резервіндегі қаражаттан бөлінген екен. Енді биылғы жем-шөп алуға қаржысы жоқ наразы шаруалар Қызылорда қаласында арнайы бас қосып, мәселені тікелей облыс әкімінің өзі шешіп берсін деп талап қойды.

– Көктемде Сырдарияның суы тасыса жайылымдық жерлерге көк қаулай шығатын еді. Соңғы жылдары ол жоқ. Жайылымсыз қалғасын жем-шөпті сатып алуға мәжбүрміз. Оны алуға тағы қаржымыз жетпейді. Осы уақытқа дейін субсидия беріп келген еді, биылғы жыл басынан бері тоқтап қалды. Мән-жайын түсінбедік, – дейді «Сұңқар» шаруа қожалығының басшысы Құлмағамбет Исаханов.

Әбден ашынған шаруалар үш күннің ішінде мәселе нақты шешілмесе, аштық жариялайтындығын айтып, «Нәлібаевтың назарында болсын» деп кесіп айтты.  

– Үш күн мерзім. Осы уақыт ішінде облыс әкімі бізге жауап берсін. Бермей ме, біз бәріміз шығамыз, баратын жерге барамыз. Халық «аштық жариялаймыз, жолды жабамыз» деп жатыр. Амалдың жоқтығынан, соған барамыз. Облыс әкімінің алдынан өтейік, еліміздің азаматы деп сыйлап кеп отырмыз, – дейді «Боранбай» шаруа қожалығының иесі Бейбітшілік Толыбаев.

Әдетте әкімдер бұндай шулы жерлерге келе қоймайды. Шаруалардың арызын облыстық ауыл шаруашылығы басқармасының бастығы Талғат Дүйсебаев тыңдады.

Ауыл шаруашылық эксперті Алмасбек Садырбаев«Бұрынғы әкім Гүлшара 3 сағаттың ішінде, әйел басымен министрге звондап, мәселені дер кезінде шешіп берген еді», – дейді.

Ал басқарма бастығы Талғат Дүйсебаев, мал азығына субсидия облыс бюджетінен бөлінеді. Бірақ облыс бюджетінде биыл субсидияға қаржы қарастырылмағанын айтып, тағы бір мәселенің шетін шығарды.

– Қазір Қызылорда облысы бюджеттен жалақы алатын мұғалімдерге 12 миллиард теңге қарыз. Әуелі сол қарыз төленеді. Ал мал азығына субсидия бюджеттің мүмкіндігіне қарай беріледі, – деді басқарма басшысы.

Осылайша Дүйсебаев облыс бюджетінің тесік екенін аңдаусызда айтып қойды. Мал азығының субсидиясы түгілі мұғалімдерге қарыз Нәлібаев осыдан кейін қарыз-қауғаны қалай жабатыны бізге белгісіз.

Шаруалар басқарма бастығының жауабына қанағаттанбады. Олар тамыздың біріне дейін субсидия берілмесе, қайта жиналуға уағдаласып, тарқады. Мәселе межесіне жете ма, жетпей ма, оны енді уақыт көрсетеді.

Қазақстанда мал шаруашылығына берілетін субсидиялар тізімі жасалған. Оның ішінде «Ауыл шаруашылығы жануарларының аналық басының азығына жұмсалған шығындар құнын арзандату» жергілікті бюджет қаражаты есебінен жүзеге асырылатыны көрсетілген.

Тегтер: ауыл шаруашылығы егістік пестицидтер қор қойма мал шаруашылығы

ҰҚСАС ЖАҢАЛЫҚТАР

Бифат ЕЛТАЕВА 23.09.2022, 15:56
Өнерлі балалар – болашақтың алтын діңгегі
Еркежан АРЫН 23.09.2022, 09:49
Қашан 27 миллион қазақстандық болады?
Еркежан АРЫН 22.09.2022, 14:53
«Дәрмек» операциясы аясында еcірткі лабораториялары табылды
Б.СӘРСЕНБІ 21.09.2022, 16:38
Шымкент – туристер көп келетін қала
Бифат ЕЛТАЕВА 20.09.2022, 13:16
«Алматыны дамыту – 2030» бағдарламасының маңызы зор
Б.СӘРСЕНБІ 19.09.2022, 08:49
Жаңа әкім бақылауды күшейтті

Аңдатпа


  • Безбүйрек үкімет. Қуыршақ депутат. Таңдаусыз сайлау
    23.09.2022, 08:47
  • Жемқорларға жем болған Қазақстан
    23.09.2022, 08:42
  • Аймағамбетовтің құлағына «Алтын сырға»
    23.09.2022, 08:37
  • 25 қазан ұлттық мереке: Парламент заң қабылдады
    22.09.2022, 13:38
  • Әкімді әйел билесе...
    22.09.2022, 08:41