Цифрлық сауаттылық партиялар назарында

Тоқтар ҒАБДРЕШҰЛЫ

27.05.2021, 14:28

1181

Бүгінде әлемдік экономика толығымен цифрландыруға көшуде. Ол адамның тұрмыс-тіршілігін елеулі жеңілдетіп, үлкен, бұрын-соңды болмаған жаңа мүмкіндіктерге жол ашады.

Мәселен, өткен жылдың қорытындысы бойынша Қазақстанда 24,5 млн сим-карта тіркелген, яғни әрбір ересек адамда кемінде екеуден бар, емін-еркін интернетке шыға алады деген сөз. Жеке тұлғалардың ізін ала ең консервативті саяси ұйымдарға жататын партиялар да цифрландыруға қадам жасады. Олардың көш басында «ADAL» партиясы тұр. Таяуда партия қазақстандықтардың өмір сапасын арнайы жасақталған мобильдік қосымшалар мен IT-платформалар арқылы жақсартуды көздейтін жаңа цифрлық өнімдердің тұсаукесерін өткізді.

«Елдегі саяси өмір тек сайлаулар кезінде ғана қайнайтын уақыт қазір келмеске кетті. Тіркелген алты партия түрі дәрежеде белсенді. Мәжілісте құрылған партияаралық кеңес бар. Барлық партиялар заң жобаларын жасақтау жөніндегі жұмысшы топтардың құрамына кіреді. Біз алда болатын ауыл әкімдерінің сайлауына әзірленудеміз. Жұмысымызды да толық жаңғырттық. Цифрлық технологияларға көштік», – дейді «ADAL» партиясының хатшысы Эльдар Жұмағазиев. 

Құқықтық статистика комитетінің дерегі бойынша тек 2020 жылдың ішінде жеке тұлғалар мен заңды тұлғалар тарапынан мемлекеттік органдарға 58 мәселелер санаты бойынша 1,5 млн арыз-шағымдар, өтініштер жолданған.

— Барлық арыз-шағымдардың 65 пайызы жұмыспен қамту, кіріс, жер алу, мемлекеттік қолдау, сыбайлас жемқорлық, әкімдіктерге көңіл толмаушылық, апатты баспана секілді өзекті мәселелерден тұрады. Олардың толық көлемде шешілгеніне күмәнім бар. Сондықтан мен «Еститін үкімет» қағидаты жергілікті жерлерде жақсы орындалуда деп айта алмаймын. Біз өз тарапымыздан «AdalAzamat»  цифрлық өнімін ұсынамыз. Оның көмегімен әр адам елді мекендегі өзекті мәселелерді әкімдер назарына жедел жеткізе алады, – дейді Э.Жұмағазиев.

     Жалпы, партия алты жаңа өнім түрін ұсынып отыр. Олар:  Adal Azamat, Adal Live; Adal Qamqor, Adal Sauat, Adal Market және Adal. Бұлардың әрқайсысы өмірдегі түрлі жағдайлар бойынша азаматтарға нақты көмек беруді көздейді.  

Тегтер:

ҰҚСАС ЖАҢАЛЫҚТАР

Айтбала СҮЛЕЙМЕНҚЫЗЫ 11.06.2021, 11:11
Кім кінәлі?: Жауап берсін!
М.СӘУЛЕБЕК 10.06.2021, 17:45
Мегаполис бюджеті 2,7 есеге көбейген
Айтбала СҮЛЕЙМЕНҚЫЗЫ 10.06.2021, 14:13
Бір дүкеннің маңынан үш күннің ішінде екі мәйіт табылды
Мариям МАҚСАТ 10.06.2021, 12:04
«1 млрд теңгелік ескерткіштің ар жағынан жемқорлық «қылтиып» тұр»
Сайт әкімшілігі 08.06.2021, 16:45
Елордада 49 мектеп аралас тілде, 34 мектеп қазақ тілінде білім береді
Миуа БАЙНАЗАРОВА 08.06.2021, 14:00
Сыр елінің құт-берекесі неге қашып тұр?!

Аңдатпа


  • Кім кінәлі?: Жауап берсін!
    11.06.2021, 11:11
  • Ресей деградацияға ұшырауда
    10.06.2021, 10:33
  • Түнгі жол (Әңгіме)
    08.06.2021, 12:00
  • Жеңсең, жүз атаң табылар еді...
    08.06.2021, 10:30
  • Қазақ тілінде оқымаған бала ұлттың ұлы бола ала ма?
    03.06.2021, 09:02