03.11.2020, 03:26
169
Шымкент қаласында стационарлық көмек көрсететін барлық медициналық ұйымдарда дәрі-дәрмектермен және медициналық бұйымдармен қамтамасыз ету мәселесі шешілді. Жалпы сомасы 7,21 млрд. теңгені құрайтын дәрі-дәрмектер мен медициналық бұйымдарды жеткізуге келісімшарттар жасалған. Бұл жөнінде ақпараттық-коммуникациялық орталықта өткен брифингте қалалық денсаулық сақтау басқармасының басшысы Бақытжан Позилов мәлім етті.
- Бірыңғай дистрибьютормен дәрі-дәрмектер және медициналық мақсаттағы бұйымдар 6,2 млрд. теңге көлемінде жеткізілді. Бұл 85,9% құрайды. Бүгінгі таңда, медициналық ұйымдарда COVID-19 індетіне қарсы екі айлық дәрілік заттар және медициналық бұйымдар қоры қалыптастырылды,- деді ол.
Қалалық әкімдік резервінен дәрі-дәрмектің жетіспеушілігін болдырмау мақсатында дәрі-дәрмектердің 5 атауы бойынша сатып алуға 180 млн.теңге бюджет қаражаты бөлінді.
Дәріханалар, дәрі-дәрмектер қоры мен бөлшек сауда бағаларының сәйкестігіне мониторинг жасалуда. Бүгінгі күні қаланың дәріханаларында COVID-19 емдеуге арналған дәрі-дәрмектер қоры бар.
Тұрақтандыру қоры шеңберінде бөлшек саудаға арналған дәрі-дәрмектерді сатып алуға дәріханалар айналымына және қорларын толықтыруға қосымша тағы қаржы бөлу жоспарлануда.
ҰҚСАС ЖАҢАЛЫҚТАР