Екі облыста ковид өршіп, мектептер жабылды

Сайт әкімшілігі

05.02.2021, 10:02

1727

Ақмола және Солтүстік Қазақстан облыстарында балалар арасында коронавирус жұқтыру дерегі өскен. Мектептер жаппай карантинге жабылды. Оқушылар қашықтан оқытуға ауыстырылады, — деп хабарлайды «Жас Алаш» КТК телеарнасына сілтеме жасап.

Ақмола облысындағы жағдайды өңірдің бас санитар дәрігері Айнагүл Мусина айтып берді.

«Білім беру мекемелеріннен коронавирус жұқтыру дерегі тіркеліп жатыр. Сондықтан біз мектеп оқушылары, мұғалімдер, жалпы білім беретін мектептің техникалық қызметкерлері арасында ауыру жағдайы тіркелсе, екі аптаға қашықтан білім беруге ауыстырамыз деп шешім қабылдадық. Бұл оқушылар арасында жаппай коронавирус жұқтырудың алдын алуға көмектеседі», — деді Айнагүл Мусина.

Ақмола облысында 49 мектеп карантинге жабылды, оның 12-сі Көкшетауда. Үшінші тоқсан басынан диагноз 300 оқушыда байқалған.

СҚО-да мектеп оқушылары арасында коронавирус жұқтыру дерегі өскен. Оқу жылының басынан бері 500 науқас оқушы анықталды. Үшінші тоқсанда 40 пайыз оқушы оқшауланған. Онда тағы бес мектеп қашықтан оқытуға көшті.

Тегтер:

ҰҚСАС ЖАҢАЛЫҚТАР

Сайт әкімшілігі 05.06.2023, 08:20
Таиландта комаға түскен қазақстандық көз жұмды
Сайт әкімшілігі 02.06.2023, 20:00
Алматыда көру қабілеті бұзылған балалар арасында шоудаун бойынша Қазақстандағы алғашқы турнир өтеді
Б.СӘРСЕНБІ 02.06.2023, 13:24
Идея – жастардан, қолдау – мемлекеттен!
Арайлым ЕРКЕБАЕВА 02.06.2023, 12:23
Мағынасыз көше атаулары өзгереді
Айтбала СҮЛЕЙМЕНҚЫЗЫ 02.06.2023, 07:55
БАӘ Қарағандыдан саумал сатып алады
Бифат ЕЛТАЕВА 01.06.2023, 13:08
Ерікті жастардың қоғамға тигізер пайдасы

Аңдатпа


  • Ораловтың барында...
    06.06.2023, 10:17
  • Ұстағанның қолындағы, тістегеннің аузындағы қазақ ураны
    06.06.2023, 09:46
  • Жалған кәсіпкерлер, алаяқ аналар
    06.06.2023, 09:00
  • Өзбекстан қай жолды таңдады?
    02.06.2023, 10:15
  • Жұманғариннің жиналыстары. Бас шұлғитын әкімдер, орындалмайтын тапсырмалар
    01.06.2023, 10:11