Екпе алу бойынша Шымкент бірінші орында

М.СӘУЛЕБЕК

13.08.2021, 10:45

1113

Шымкентте коронавирус індетіне қарсы екпе салынуы тиіс тұрғындардың саны 536 мың адам болса, бүгінгі күні оның 70,2 пайызы екпенің бірінші компонентін, 54 пайызы екінші компонентін қабылдаған. Вакцинация көрсеткіші бойынша Шымкент өңірлердің ішінде бірінші орында тұр.

Мұндай мәліметті жуырда ақпараттық-коммуникациялық орталығында өткен брифингте  Шымкент қалалық денсаулық сақтау басқармасының басшысы Б.Позилов келтірді.

– Қазіргі таңда Шымкент қаласы «қызыл аймақта». Қаладағы эпидахуал тұрақсыз. Тұрғындарға айтарым: сақтанып жүріңіздер. Ковид жұқтырып, емханаға түсіп жатқан адам саны азаймай отыр. Дәрігердің хаттамасымен ғана емделіңіздер. Өздігінен емделудің салдарынан науқастардың көбісі емханаға ауыр халде жеткізіліп жатыр. Сол себепті асқынған ауруды емдеу нәтижесін бермеуде. Жалған ақпараттарға алданып, антивакцерлерге сенбеңіздер. Осы орайда, екпеге қарсы пікір (антивакцерлер) білдірушілерді мән-жайдың барысын бірге бақылап көруге шақырамын, – деді қаланың бас дәрігері.

Бүгінде  қала әкімдігі жанынан ашылған Сall-center тәулік бойы жұмыс істеуде. Қаладағы бизнес субъектілері үшін «Ashyq» жобасы іске қосылған.

Шымкент қаласының санитариялық-эпидемиологиялық бақылау департаментінің басшысы Ә.Төлебаевтың айтуынша, соңғы тәуліктерде мегаполисте бір тәулікте тіркелген науқастардың саны 400-500-ден түспей тұр. Мәселен, 8 тамызда 565 жағдай анықталды. 18 жасқа дейінгі балалар арасында 100 жағдай тіркелген.

Шымкент қаласында індет жұқтырғандар санының күрт өсуіне байланысты халық көп шоғырланатын базарлар мен қоғамдық көліктерге тексеру жұмыстары күнделікті жүргізілуде. Бетпердесіз жүрген тұрғындар тек өзіне емес, өзгенің денсаулығына да қауіп төндіреді. Осы себепті қоғамдық көлік пен базарларда бетперде тағу міндеттелген.

Мониторинг жұмыстары барысында Әл-Фараби ауданының әкімі Рашид Мыңбаев қоғамдық автобустарда терезелер үнемі ашық, ал кондукторлар мен жолаушылар міндетті түрде бетпердемен отыру керегін түсіндірді. Сонымен қатар базарларда арақашықтық қатаң сақталып, дезинфекциялық құралдар –  тепловизер, санитайзер, дезинфекциялық кілемше көзге көрінетін жерлерге қойылуы керек.

Әл-Фараби ауданы аумағында түнгі рейд жұмыстары да күнделікті жүргізілуде. Ауданға қарасты барлық қоғамдық тамақтанатын орындар, тойханалар және компьютер клубтары қатаң бақылауда. Аудан әкімдігінің мамандары тәртіп сақшыларымен бірге кезекті рейд барысында карантин талаптарын бұзған бірқатар нысандарды анықтады. Санитарлық нормаларды сақтамаған бес кәсіпкерлік нысанға айыппұл салынды.

Қала тұрғындарына мобильді топтар қызмет көрсетуде. Мобильді топтардың міндетіне суық тию белгілері бар пациенттерден, ковид инфекциясына күдіктілерден ПТР сынамасын алу, сондай-ақ үй ауруханаларында медициналық процедураларды жүргізу, COVID ауруы расталған науқастарға амбулаторлық деңгейде қызмет көрсету кіреді. Барлық мобильді топтар тиісті заттармен қамтамасыз етілген. Қажет болған жағдайда топ дәрігерлері науқастарды амбулаторлық деңгейде емдеуге немесе жұқпалы аурулар ауруханасына жатқызуға шешім қабылдайды. Ақ халаттылардың айтуынша, соңғы уақытта мобильді топтардың күнделікті жұмыс жүктемесі артып келеді. Олардың әрқайсысы орта есеппен бір тәулікте 20 шақыртуға барады.

Дәрігерлер қауіпті індеттің салдарынан қаза тапқан азаматтардың вакцина салдырмай, теріс пікірлерге сеніп келгендер екенін алға тарта отырып, жұртшылықты екпе алуға шақыруда.

Тегтер: медицина коронавирус ПТР тест анықтама

ҰҚСАС ЖАҢАЛЫҚТАР

Нұрбек ДӘУРЕНБЕКОВ 09:39
Балалар еш кедергісіз білім алуы қажет
Нұрбек ДӘУРЕНБЕКОВ 08:09
Ғани Мұратбаев атындағы сыйлық табысталды
Б.СӘУЛЕБЕК 17.08.2022, 18:07
Балабақшаларды лицензиялау кімдерге ұнамайды?
Нұрбек ДӘУРЕНБЕКОВ 17.08.2022, 18:02
Ұлттық жобаны игеруде озықтық керек
Ерзия ЕРСҰҢҚАР 17.08.2022, 16:34
Сот жүйесі уақыт сұранысына сай бейімделуде
Ерзия ЕРСҰҢҚАР 17.08.2022, 14:42
«Отбасылық сот» шаңырақты шайқалтпауды көздейді

Аңдатпа


  • Түрксіб ауданының әкімін тұрғындар мәселесі қызықтырмайды
    20:17
  • Тимур қазаққа түкірді
    08:13
  • Қазынаны қанайтын емес, жарылқайтын жобаға қашан жетеміз?
    08:12
  • Шөкеевтің өтірігін әшкереледі
    08:10
  • Теңгені теңселткен рубль
    17.08.2022, 08:22