Екпені педагогтар мен полицейлер салдыруда

Сайт әкімшілігі

10.03.2021, 20:21

285

Түркістан облысында мұғалімдер мен полция өкілдері коронавирустық инфекцияға қарсы вакцина ала бастады. Ол үшін аймаққа «Спутник V» вакцинасының 10 мыңға жуық дозасы жеткізілді. Бұл туралы Түркістан облысы әкімдігінің баспасөз қызметі хабарлады.

Ерікті түрде екпе жасатуды жөн көрген ұстаздар мен полиция қызметкерлерін алдымен дәрігерлер тексереді. Сондықтан егу жасату алдында азаматтар сырқаттан дін аман болуы міндетті. Соңғы мәліметке сәйкес, Түркістан облысында 500-ге жуық педагог мен 200-дей полиция қызметкері вакцина салдырған.

Еске салайық, елде коронавирусқа қарсы егу науқаны 1 ақпанда басталды. Бүгінгі таңда Түркістан облысында 6 мыңнан астам адам коронавирусқа қарсы егілді. Наурыз айының ортасында облысқа тағы 8600 мың доза вакцина жеткізіледі деп күтілуде. Вакцинация ерікті және 18 жастан 60 жасқа дейінгі жас санатына арналған.

Бірінші кезекте екпені дәрігерлер, педагогтар, полиция қызметкерлері сала алады. Естеріңізге сала кетейік, өңірде КВИ-ға қарсы вакцинация жыл соңына дейін жалғасады. Бұл халықтың 45-50% — ын қамтиды. Соңғы тәулікте Түркістан облысында коронавирустық инфекцияның 3 жағдайы тіркелді.

Тегтер:

ҰҚСАС ЖАҢАЛЫҚТАР

Еркежан АРЫН 15:52
«Қазақстан – бұрынғы Кеңес Одағы аумағында құрылған ірі бітімгершілік күштердің бірі»
М.СӘУЛЕБЕК 14:15
Министр штаб отырысын Шымкентте өткізді
Б.СӘРСЕНБИ 12:59
Түркістанда 25 тойхана жабылды
Миуа БАЙНАЗАРОВА 09:18
Қашпаған сиырдың уызынан дәметіп отырмыз
Сайт әкімшілігі 04.08.2021, 16:32
Алматы облысында демалыс күндері локдаун жарияланады
Айтбала СҮЛЕЙМЕНҚЫЗЫ 04.08.2021, 12:03
Қараусыз қалған аулалар, қоқыс басқан Қарағанды

Аңдатпа


  • «Жас Алаштың» 100 жылдығы Жамбылда жалғасты
    03.08.2021, 11:01
  • «Жас Алаш» газетінің мерейтойына орай бильярдтан турнир өтті
    30.07.2021, 12:31
  • "Жас Алаштың" 100 жылдығына орай Таразда бильярдтан турнир өтуде
    29.07.2021, 12:29
  • "Жас Алаштың" 100 жылдығына орай ұйымдастырылған бильярд турнирі тартысты өтті
    14.03.2021, 11:39
  • «Жас алаштағы» жасын жылдар
    15.07.2021, 10:58