Экс-әкім ақталып шығатынына үмітті

Нұр-Қасым ЖОМАРТ

10.09.2020, 10:51

1170

                    

«Арыстағы апат салдарын жоюға бағытталған 80 миллион теңгені жымқырды» деп айыпталған экс-әкім өзінің кінәсіз екеніне сенімді.

       Газетіміздің өткен санында Қызылорда қалалық сотында облыстың бұрынғы әкімі Куанышбек Ысқақовтың ісі бойынша сот процесі басталғанын жазған болатынбыз. Сотталушы әкімнің адвокаты Жалғас Асқаров қорғауындағы адамның сот ісінен қандай да бір оң нәтиже күтетінін айтады.

– Осы уақытқа дейін қорғауымдағы азамат іс материалдарымен, аудиттік тексерістер нәтижелерімен, экспертиза жұмыстарымен танысып, таразылады. Көңіл күйі жақсы, іскерлік қабілеті мол, сауатты адам екені көрініп тұр, – дейді адвокат.

Биыл көктемде экс-әкіммен бірге, оның орынбасарлары Марат Делмұханов пен Мұрат Имандосов «алаяқтық жасады» деген күдікпен ұсталған болатын. Ұстау кезінде Ысқақовтың алдау және сенімге қиянат жасау арқылы «Сыр мейірімі» қоғамдық әлеуметтік қорында жатқан 80 миллион теңгеден астам соманы иеленгені туралы хабарланды. Бұл ақша 2019 жылы әскери қоймалардағы жарылыстардан кейін Арыс қаласын қалпына келтіру үшін жеке және заңды тұлғалардың қайырымдылық шараларынан жиналған еді.

Бес айдан соң, іс тергеуден сотқа жетті. Кінәсі дәлелденсе, Ысқақовқа бес жылдан он жылға дейін бас бостандығынан айырылу қаупі төніп тұр. Адвокат Асқаров Ысқақовтың сотта толық ақталатынына сенімді екенін айтты.

– Ол Арысқа арналған ақшаға қастандық жасамаған. Біз Ысқақовқа қатысты істі тоқтату туралы бірнеше рет өтініш жасадық, оның қандай да бір құқыққа қарсы әрекеттер жасағанын куәландыратын тікелей дәлелдер жоқ. Қорғауымдағы азамат сотта ақталатынына үміттенеді, – деді Ж.Асқаров.

Айта кетер жайт, Арыстағы апатты жағдайдан кейін қызылордалық жомарт жандар көмек ретінде қаржы жинап, арнайы қайырымдылық қорына салған болатын. Кейіннен мемлекет Арысты қалпына келтіруге қаражат бөлген соң, қайырымдылықтан жиналған қаржы діттеген жеріне бармай, қорда қалып қойды. Кейіннен қор басшысы қаржыны жоғарыдағылардың тапсырмасымен бірнеше құрылыс фирмаларының шоттарына аударған. Тергеу нұсқасы бойынша, бұл қаражат Ысқақовқа беру үшін қолма-қол ақшаға айналуы тиіс болған. «Қ.Ысқақовтың бұрынғы орынбасарлары алаяқтыққа қатысты кінәларын мойындаған жоқ», – дейді Асқаров.

– Жалпы, бізде «Сыр мейірімі» қорының басшылығына қатысты көптеген сұрақтар бар. Шағын қайырымдылықпен айналысатын осы қорда Арысқа жиналған ақша неліктен болды? Қор басшысынан оларды құрылыс компанияларының шотына аударуды нақты кім сұрады? Тергеу барысында бұл адамның аты-жөні аталмады, тек «облыс әкімдігінің лауазымды тұлғалары» туралы айтылды. Түсініксіз жайттар көп. Сот барысында біз мұның бәрін білеміз деп үміттенемін, – дейді адвокат.

№2 қалалық сотының ақпарынша, ведомствоға Қуанышбек Ысқақовқа қатысты ҚР Қылмыстық кодексі 190-бабы 4-бөлігінің 2-тармағы бойынша (ақпараттық жүйені пайдаланушыны алдау немесе сенімге қиянат жасау арқылы жасалған алаяқтық) қылмыстық іс келіп түскен. Бұл іске Қызылорда облысы экс-әкімінің бұрынғы екі орынбасары Мұрат Имандосов пен Марат Делмұхановтың және тағы екі кәсіпкердің қатысы бар көрінеді.

Тегтер:

ҰҚСАС ЖАҢАЛЫҚТАР

Сайт әкімшілігі 14:55
Шымкенттік жас ғалым ғаламат технология ойлап тапты
Сайт әкімшілігі 14:44
Кавасакимен ауырған бала жоқ
Сайт әкімшілігі 14:37
Қоқыс мәселесі шешімін табуда
Айтбала СҮЛЕЙМЕНҚЫЗЫ 14:28
Қарағандыда тағы да төрт елді мекенде құс тұмауы бар деген жормал жасалды
Сайт әкімшілігі 09:57
Павлодар облысында 9 оқушыдан коронавирус анықталды
Сайт әкімшілігі 27.09.2020, 15:39
Шымкенттің ирригация жүйелері жаңаруда

Аңдатпа


  • Ұлттық банк теңгенің әлсіреуіне қатысты түсінік берді
    15:45
  • «Shymkent bike» қызметін пайдаланушылар көбейді
    26.09.2020, 15:01
  • Үш мыңға жуық медицина қызметкеріне біржолғы төлем берілді
    11:16
  • Tengri Bank салымшылары кепілдік өтемін қай банктен және қалай алады
    25.09.2020, 10:26
  • Бір тәулікте қанша адам коронавирус жұқтырғаны анықталды
    23.09.2020, 09:43