Елбасы Түркістанға баруға кеңес берді

Сайт әкімшілігі

28.04.2021, 19:25

1274

Қазақстан халқы Ассамблеясының XXIX сессиясында ҚР Тұңғыш Президенті-Елбасы, ҚХА Төрағасы Нұрсұлтан Назарбаев Түркістан облысын құру туралы қабылдаған шешімінен кейін жаңа дәуірі басталған Түркістанды барып, көруге кеңес берді.  

«Екі жылдан астам уақыт өтті. Егер Түркістанда болмасаңыз, қазіргі қаланың қалай өзгергенін көруге келіңіз. Еліміздің астанасынан кейін бой көтерген жаңа қала болды. Бұл — еліміздің зор мүмкіндіктерінің тағы бір дәлелі. Жаңарған Түркістаны көргендердің барлығы таң қалуда. Бұл – мәдениет орталығы, республикамыздың орталығы. Еліміздің оңтүстігіндегі тағы бір гүлденген қала. Жақында, менің бастамаммен өткен түркітілдес мемлекеттердің ынтымақтастық кеңесі саммитінің қорытындысы бойынша Түркістан ресми түрде түркі әлемінің рухани астанасы болып жарияланды»,-деді деді Нұрсұлтан Назарбаев. 

Елбасының төрағалығымен Қазақстан халқы Ассамблеясының «Бірліктің, татулық пен келісімнің 30 жылы» атты XXIX сессиясы өтті. ҚР Тұңғыш Президенті-Елбасы, ҚХА Төрағасы Нұрсұлтан Назарбаевтың төрағалығымен өткен сессия жұмысына Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев және онлайн форматта 550-ден астам адам қатысты. Олардың қатарында барлық өңірлерден келген Ассамблея мүшелері, республикалық және өңірлік этномәдени бірлестіктердің төрағалары, Парламент депутаттары, орталық атқарушы органдардың, саяси партиялардың, діни бірлестіктердің басшылары, ҮЕҰ, ғылыми, шығармашылық зиялы қауым және БАҚ өкілдері бар. Сессия барысында Елбасы Ассамблеяның алдына қоғамдық келісім мен ұлттық бірлікті одан әрі нығайту бойынша нақты міндеттер қойды. Сессияда ҚХА мүшелері, этномәдени бірлестіктерінің басшылары, аймақтардан келген делегаттар, жұмысшы өкілдері, спорт, азаматтық қоғам өкілдері, жастар және т.б. сөз сөйледі.

Тегтер:

ҰҚСАС ЖАҢАЛЫҚТАР

Заңғар КЕРІМ,арнайы «Жас Алаш» үшін Токиодан 14:32
Грек-рим шеберлері сенімді ақтамады
Ерзия ЕРСҰҢҚАР 12:12
Басты мақсат – сот жүйесіне халықтың сенімін арттыру
Сайт әкімшілігі 02.08.2021, 13:15
Дәрігерлер тұрғындарға үндеу жасады
Сайт әкімшілігі 02.08.2021, 10:48
Қырғызстанда жоғалған қазақстандық қыз өлі табылды
Сайт әкімшілігі 02.08.2021, 09:24
Еліміздің барлық өңірі «қызыл» аймақта тұр
Гүлжан СЕРІКҚЫЗЫ 30.07.2021, 17:53
Ішкі туризмнің халі қалай?

Аңдатпа


  • «Жас Алаштың» 100 жылдығы Жамбылда жалғасты
    11:01
  • «Жас Алаш» газетінің мерейтойына орай бильярдтан турнир өтті
    30.07.2021, 12:31
  • "Жас Алаштың" 100 жылдығына орай Таразда бильярдтан турнир өтуде
    29.07.2021, 12:29
  • "Жас Алаштың" 100 жылдығына орай ұйымдастырылған бильярд турнирі тартысты өтті
    14.03.2021, 11:39
  • «Жас алаштағы» жасын жылдар
    15.07.2021, 10:58