Елтайдағы жағдай енді қайталанбауы тиіс

Сайт әкімшілігі

05.10.2020, 15:34

18

Биыл көктемде Шымкенттің Елтай елді мекенінде қатты жауынның салдарынан су тасқыны орын алғаны белгілі. Жуырда Шымкент қаласының әкімі Мұрат Әйтенов аталған елді мекенінде орын алған төтенше жағдайлардың болдырмау мақсатында жүргізіліп жатқан құрылыстың барысымен танысты.

Бүгінде тасқын судың алдын алу бойынша елді мекен шетіндегі сайларға, яғни, қаупі жоғары деген он жерге бөгет орнатылуда.  Су жинағыштарының жалпы сыйымдылығы 200 мың текше метрді құрайды. Мердігер мекеме «Отар-құрылыс» ЖШС-і. Құрылыс мекемесі жұмыстарды желтоқсан айында аяқтауды жоспарлап отыр.

Сонымен қатар, мұнда ауылдың ортасынан өтетін тереңдігі 1,5 метрді құрайтын арықты тазалау жұмыстары жүргізілсе, жаяу жүргіншілерге арналған доңғалақ бетонды көпірдің құрылыс жұмыстары аяқталуға жақын. Көпірдің ұзындығы 9 метр, жалпы көлемі — 100 метр.

Мұрат Әйтенов жұмыстың сапасына баса мән беруді айтып, су тасқынының алдын алу бойынша салалық басқармалар мен аудан әкімдеріне бірқатар нақты тапсырма берді.

Тегтер:

ҰҚСАС ЖАҢАЛЫҚТАР

Батырхан Тоғызов 20.10.2020, 10:58
Әр адамның еңбек өтілі дербес есептелсін
Сәтжан ҚАСЫМЖАНҰЛЫ 20.10.2020, 10:51
Биотехнопаркті мақсат еткен Аэлита
Айтбала СҮЛЕЙМЕНҚЫЗЫ 20.10.2020, 10:41
Егіндібұлақ елінің еңсесі езіліп тұр
Арайлым ЕРКЕБАЕВА 20.10.2020, 10:17
Карантиндік шектеулер күшейтілді
Миуа БАЙНАЗАРОВА 20.10.2020, 10:13
Күштінікі – диірмен тартады
Арайлым ЕРКЕБАЕВА 20.10.2020, 10:05
Қарағанды билігі жасыл желекке неге шүйлікті?

Аңдатпа


  • Мырзан Кенжебай: Менің атымды жамылған кім?
    20.10.2020, 14:28
  • Егіндібұлақ елінің еңсесі езіліп тұр
    20.10.2020, 10:41
  • Мақаншыда «қинау» фактісі бойынша ауыл тұрғыны полиция қолынан қаза тапты (видео)
    19.10.2020, 15:16
  • Ашық хат
    15.10.2020, 10:44
  • Билік жұртта қалған елу отбасыны көшіре алмай отыр
    15.10.2020, 10:38