Еңбекшінің әкімі есеп берді

Сайт әкімшілігі

23.10.2020, 09:28

278

Шымкент қаласы Еңбекші ауданында биыл 564 жаңа жұмыс орны құрылған. Бұл туралы Шымкент қаласының әкімі Мұрат Әйтеновке 9 айда атқарылған жұмыстар жөнінде есеп берген аталған аудан әкімі Ғалымжан Ильясов баяндады.

Бұл жылы ауданның инфрақұрылымын және кәсіпкерлік бағытын дамытуға жалпы 30,5 миллиард теңге көлемінде инвестиция тартылып отыр. Оның ішінде, бюджеттік қаржының көлемі – 3 миллиард 794 миллион теңгені құраса, меншікті қаражат есебінен – 16 млрд 566 млн теңгені құрайды, ал банк кредиттері мен қарыз қаражаты – 10 млрд 139 млн теңге болған.

Сондай-ақ, Еңбекші ауданы аумағында 19 147 кәсіпкерлік субъектісі тіркелген. Оның 27-сі ірі, 116 орта, 5 861 шағын және 13 143 ұсақ кәсіпкерлік нысандар. Аудан әкімінің айтуынша, олардан жергілікті бюджетке биыл 9 айда 55 миллиард 687 миллион теңге салық жиналып, өткен жылдың тиісті кезеңімен салыстырғанда 54  пайызға артқан.

Тегтер:

ҰҚСАС ЖАҢАЛЫҚТАР

Б.СӘРСЕНБИ 12:59
Түркістанда 25 тойхана жабылды
Миуа БАЙНАЗАРОВА 09:18
Қашпаған сиырдың уызынан дәметіп отырмыз
Сайт әкімшілігі 04.08.2021, 16:32
Алматы облысында демалыс күндері локдаун жарияланады
Айтбала СҮЛЕЙМЕНҚЫЗЫ 04.08.2021, 12:03
Қараусыз қалған аулалар, қоқыс басқан Қарағанды
Бақытжан ӘБДІРАШҰЛЫ 04.08.2021, 08:58
Ермекбаев айтқан «диверсия» дәлелденді ме?
Заңғар КЕРІМ,арнайы «Жас Алаш» үшін Токиодан 03.08.2021, 14:32
Грек-рим шеберлері сенімді ақтамады

Аңдатпа


  • «Жас Алаштың» 100 жылдығы Жамбылда жалғасты
    03.08.2021, 11:01
  • «Жас Алаш» газетінің мерейтойына орай бильярдтан турнир өтті
    30.07.2021, 12:31
  • "Жас Алаштың" 100 жылдығына орай Таразда бильярдтан турнир өтуде
    29.07.2021, 12:29
  • "Жас Алаштың" 100 жылдығына орай ұйымдастырылған бильярд турнирі тартысты өтті
    14.03.2021, 11:39
  • «Жас алаштағы» жасын жылдар
    15.07.2021, 10:58