Еңбекшіқазақ еріктілерінің ерлігі көпке үлгі

Сайт әкімшілігі

07.09.2020, 11:04

637

Ерікті деген бұл — әрбір жастың, әрбір азаматтың өзінің жеке жан қалауымен осы қоғамға кішкене болса да қосатын үлесі. Бұл – жастардың бойында азаматтық позицияны, потриоттық сезімді оятатын бағыттардың бірі. Ерікті болу арқылы біз жастарды осы қоғамға бейімдеп, келешекте өзінің Отанына, қоғамдағы әлеуметтік жағдайларға бей-жай қарамай оған өзіндік үлесін қосуға шақыратын бірден-бір платформа деп айтсақ болады.  Волонтер болуға аудан жастарынан ерік білдіруші жастар өте көп. Ерікті болған жас өзінің ортаға сиы мен қадір қасиеті, қоршаған ортасына силы жастарды қабылдау үрдісіне баса мән берілді. Қазіргі таңда аудан бойынша тіркелген жеті еріктілер ұйымы болса, аудан халқымен тығыз байланыс орнатып, жұмыстарын жүйеге келтірген «Жақсылықта жарысайық!», «Иманды жастар»  сияқты белсенді топтармен бірге жалпы ауданымызда 693 ерікті жас бар.Еліміздегі төтенше жағдай уақытында еріктілердің және кәсіпкер азаматтардың көмегімен біздің жастарымыз аудан бойынша жалпы 838 отбасыға 14 000 000 теңгеден астам артық суммаға қажетті азық – түліктерін, бетперделерін, медициналық қажеттіліктерін жеткізіп отырды. Осы уақыт ішінде аудандық жастар орталығында арнайы қауырт желі орнатып сонымен қатар әлеуметтік желіде тұрғындармен байланыса отырып көмек сұраған мұқтаж отбасыларға керекті заттарын жеткізіп отырды. Сонымен қатар еріктілердің атсалысуымен екі бүлдіршініміздің қажетті ота жасауына 1 000 000 тг ден астам қаржылай көмек берсек, уақытша жұмыстан босап жалдамалы пәтерлерінің қаржысын төлей алмай отырған 4 отбасыға жалпы суммасы 80 мың теңге көмек көрсетілді. Осы уақыт аралығында жүргізілген жұмыстарды көрсету мақсатында әлеуметтік желіге 39 видеороликтер салынса, БАҚ беттеріне 45 мақала жарияланды және телевизиялық 2 арнайы түсірілім орнатылды.Төтенше жағдайдан кейін де еріктілеріміз өз жұмыстарын тоқтатпай аудандық ауруханаға оттегі концентраторына қажетті қаражат жинау мақсатында қор ашып, 1 000 000-ға жуық қаражат жинап, 6 оттегі концентраторын аудандық ауруханаға табыстады. Сонымен қатар, аурухана маңындағы кезекте арақашықтық сақтау, келген кісілерге жол көрсету, емделуші жандарға келген заттарды  қабылдап алу, жеткізу сынды жұмыстар атқарып, аурухана қызметкерлерінің денсаулықтарының мықты болу мақсатында «Бүгінгі күннің батырлары» атты  аурухана қызметкерлеріне 150 литр қымыз тарату шарасы өтті.31 шілде «Құрбан айт» мерекесі қарсаңында «Жақсылықта жарысайық», «Иманды жастар» еріктілер тобы және ауданымыздың жаны жомарт жандар 5 ірі қара, 5 қойды құрбандыққа шалып, 60 отбасыға ет үлестіріп беруімен қатар, азық түлікпен қамтамасыз етті. Еріктілеріміз дәрігерлерге, ауданымыздың әлеуметтік жағдайы төмен, көпбалалы отбасыларға көмектесуімен ғана қоймай, банк, пошта алдында кезекте тұрған адамдардың күнделікті ара қашықтық сақтауын, кезекпен кіруін қадағалап өз көмектерін тигізуде.Биылғы жылдың басынан осы уақыт аралығына дейін Еңбекшіқазақ еріктілері 1032 отбасыға жалпы суммасы 18 400 000 тг ден астам қайырымдылық көмектері көрсетілді. Ауданның жаны жомарт жандарының басын қосып, көмек сұраған әрбір азаматтармен тікелей жұмыс жүргізген аудан еріктілері осы уақыт аралығына дейін бірқатар алғыс хаттарға ие болды. Атап айтар болсақ ауданның белсенді 16 ерікті жасы карантин уақытында көрсеткен белсенділіктері үшін Елбасы Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың алғыс хатына ие болса, облыс әкімінің орынбасарының атынан 6 ерікті алғыс хатпен бағалы силықтарға ие болды. Сонымен қатар жастар басқармасымен, Еңбекшіқазақ аудан әкімінің алғыс хатымен жалпы 40 ерікті алғыс хаттарға ие болды. Астарлы ақиқат бағдарламасында аудан еріктілерін арнайы шақырып бағдарлама қонағы болып қайтты. Бүгінгі таңда аудан еріктілерімен арнайы база жасақталып, әрқайсы ішіне жеке енгізілген. Аптасына тұрақты түрде 5 отбасыға айлық азық түлігімен көмектесумен қатар, Мектепке жол акциясы аясында бірқатар отбасылар арнайы смартфон және мектепке қажетті құралдармен қамтамассыз етілді. Еліміздің ертеңі үшін аянбай еңбек етіп жүрген еріктілерге қандай мақтау айтсақта жарасады.

Тегтер: қайырымдылық алтуризм еріктілер волонтерлар мектепке жол акциясы

ҰҚСАС ЖАҢАЛЫҚТАР

Сайт әкімшілігі 28.09.2020, 14:55
Шымкенттік жас ғалым ғаламат технология ойлап тапты
Сайт әкімшілігі 28.09.2020, 14:44
Кавасакимен ауырған бала жоқ
Сайт әкімшілігі 28.09.2020, 14:37
Қоқыс мәселесі шешімін табуда
Айтбала СҮЛЕЙМЕНҚЫЗЫ 28.09.2020, 14:28
Қарағандыда тағы да төрт елді мекенде құс тұмауы бар деген жормал жасалды
Сайт әкімшілігі 28.09.2020, 09:57
Павлодар облысында 9 оқушыдан коронавирус анықталды
Сайт әкімшілігі 27.09.2020, 15:39
Шымкенттің ирригация жүйелері жаңаруда

Аңдатпа


  • Ұлттық банк теңгенің әлсіреуіне қатысты түсінік берді
    28.09.2020, 15:45
  • «Shymkent bike» қызметін пайдаланушылар көбейді
    26.09.2020, 15:01
  • Үш мыңға жуық медицина қызметкеріне біржолғы төлем берілді
    28.09.2020, 11:16
  • Tengri Bank салымшылары кепілдік өтемін қай банктен және қалай алады
    25.09.2020, 10:26
  • Бір тәулікте қанша адам коронавирус жұқтырғаны анықталды
    23.09.2020, 09:43