"Ешбір тыйым болмай тұрған тойларды тоқтату керек" - Шөкеев

Сайт әкімшілігі

23.11.2020, 16:59

1549

«Ешбір тыйым бөгет бола алмай тұрған той-томалақты тоқтату керек».

Облыс әкімі Өмірзақ Шөкеев кезекті апталық аппарат отырысында осылай деді. Өңірдегі эпидемиологиялық ахуал баяндалған отырыста соңғы көрсеткіштер ортаға салынды. Одан белгілі болғандай, облыс аумағында отбасылық, мерекелік іс-шаралардың тоқтамай тұр. Бүгінгі күнге дейін 535 тыйым салынған шара өтсе, оның 226-ы қоғамдық тамақтану орындарында, қалғаны тұрғындардың өз ауласында өткізілген.

Осыған орай барлық аудан, қала әкімдері аймақ басшысының қатаң сынына ұшырады. Елдегі эпидемиологиялық ахуалды біле тұра, санитарлық талаптардың сақталуын бақылау мақсатында тынымсыз жүргізіліп келе жатқан тексерулерді елемегендерге жаза, жауапты басшыларға шара қоданылмақ.

«Той-томалақ барлық аудандарда бар. Эпидемиялық жағдайдың қаншалықты күрделі екенін біле тұра, той жасайтындарды тоқтату керек. Тойға жан-жақтан тамыр-таныс жиналады. Бұған тосқауыл қойылмаса, қалған тірліктің бәрі бекер. Тез арада тиісті шара қолданылсын»,-деді Өмірзақ Естайұлы.

Соңғы 5 айда облыс бойынша жасақталған 119 мобилді топ құрамы және аумақтық Полиция басқармалары қызметкерлері  тарапынан 36765 нысан араланып, 5 194 карантин режимі талаптарының бұзушылықтары анықталған.

Тегтер: індет коронавирус дерек дәйек ақпарат

ҰҚСАС ЖАҢАЛЫҚТАР

Сайт әкімшілігі 10:01
Қазақстанның құқықтық саласы дамып келеді
Еркежан АРЫН 08:40
Мұқтаж жандар азық-түлікпен қамтамасыз етілді
Еркежан АРЫН 27.07.2021, 12:45
Қазақстан мобильді интернет жылдамдығы бойынша әлемде көш басында
Сайт әкімшілігі 26.07.2021, 13:15
Теңізде жұмысшылар ереуілге шықты
Сайт әкімшілігі 25.07.2021, 16:55
Жөлек ауылында алғашқы дауыс берген адамға сыйлық берілді
Б.СӘРСЕНБИ 23.07.2021, 16:06
Батысқа көмек! Оңтүстік осындай ұранмен Маңғыстауға жемшөп жіберіп жатыр

Аңдатпа


  • «Жас алаштағы» жасын жылдар
    15.07.2021, 10:58
  • Ташкенттен «Жас Алаш» газетінің түпнұсқасы табылды (видео)
    07.07.2021, 13:15
  • «Жас Алаш» Түркістан төрінде
    07.07.2021, 08:59
  • Жайыққа келді «Жас Алаш!»
    28.06.2021, 09:02
  • "Жас Алаштықтар" "Қазақстанның құрметті журналисі" атанды
    24.06.2021, 13:55