14.11.2020, 13:41
220
«Шымкент ТМД мемлекеттерінің мәдени астанасы» жылы аяқталуға таяды. Жақын күндері мегаполис эстафетаны Тәжікстанның астанасы Душанбеге тапсырады.
–Пандемияға байланысты көптеген іс-шаралар онлайн режимде өтті. 21-22 қарашада эстафетаны Душанбеге береміз. Оны қалай өткіземіз деп көп ойландық. Бір жағынан эпидталаптар бар, екінші жағынан мәдени іс-шаралар тұр. Онлайн өтсе, қызығы аздау болады, офлайн өтсе, кісі көп жиналып қалады. Соны ескеріп, қалада 5 локацияны таңдап алдық. Біріншісі – поэзия және әдебиет, Абай саябағында екі күн өтеді. Екіншісі – театр және кино Шәмші Қалдаяқов гүлзарында өтеді. «Сақ» киностудиясы түсірген кинолар көрсетіледі. Үшіншісі – хореография және музыка. Қаланың бес жеріне пианино орнатылып, музыканттар ойнап отырады. Төртіншісі – бейнелеу өнері Қызғалдақ алаңында ашық аспан астында көрме өтпек. Бесіншісі – Дәстүрлі өнер мен қолөнер шеберлері Жібек жолы алаңында өнер көрсетеді,-деді алда өтетін іс-шаралармен таныстырған Шымкент қаласы әкімінің бірінші орынбасары Шыңғыс Мұқан.
ҰҚСАС ЖАҢАЛЫҚТАР