Ғасырмен құрдас қария

Сайт әкімшілігі

23.11.2020, 18:23

300

Шымкент қаласының тұрғыны, Ұлы Отан соғысының ардагері Халел Атантаев ақсақал 100 жасқа толды. Шымкент қаласының әкімі Мұрат Әйтенов қазыналы қарияның шаңырағында болып, мәртебелі мерейтойымен құттықтады.

100 жасқа толған ардагер әлі де тың. Мұрат Дүйсенбекұлы қарияға сый-құрмет көрсетіп, ұзақ ғұмыр тіледі.

Халел Атантаев 1920 жылы Қызылорда облысында дүниеге келген. Мектепті бітірген соң әскер қатарына шақырылып, көп ұзамай Ұлы Отан соғысы басталып кетеді. Ол  майдан даласында жер үшін, ел үшін күресте жауға тойтарыс берді. 1948 жылы елге оралған соң Мемлекеттік қауіпсіздік комитетінде қызмет атқарды. Бүгінде 3 ұл мен 1 қыз, 10 немереден 4 шөбере сүйіп отыр.  Майдандағы және елдегі еңбегі ескеріліп, көптеген медальдармен марапатталған.

Тегтер:

ҰҚСАС ЖАҢАЛЫҚТАР

Сайт әкімшілігі 16:32
Алматы облысында демалыс күндері локдаун жарияланады
Айтбала СҮЛЕЙМЕНҚЫЗЫ 12:03
Қараусыз қалған аулалар, қоқыс басқан Қарағанды
Бақытжан ӘБДІРАШҰЛЫ 08:58
Ермекбаев айтқан «диверсия» дәлелденді ме?
Заңғар КЕРІМ,арнайы «Жас Алаш» үшін Токиодан 03.08.2021, 14:32
Грек-рим шеберлері сенімді ақтамады
Ерзия ЕРСҰҢҚАР 03.08.2021, 12:12
Басты мақсат – сот жүйесіне халықтың сенімін арттыру
Сайт әкімшілігі 02.08.2021, 13:15
Дәрігерлер тұрғындарға үндеу жасады

Аңдатпа


  • «Жас Алаштың» 100 жылдығы Жамбылда жалғасты
    03.08.2021, 11:01
  • «Жас Алаш» газетінің мерейтойына орай бильярдтан турнир өтті
    30.07.2021, 12:31
  • "Жас Алаштың" 100 жылдығына орай Таразда бильярдтан турнир өтуде
    29.07.2021, 12:29
  • "Жас Алаштың" 100 жылдығына орай ұйымдастырылған бильярд турнирі тартысты өтті
    14.03.2021, 11:39
  • «Жас алаштағы» жасын жылдар
    15.07.2021, 10:58