Газет бастамасымен баспаналы болды

Тоқтар ҒАБДІРЕШҰЛЫ

11.11.2020, 08:19

1396

Батыс Қазақстан облысы Тасқала аудандық «Екпін» газетінің ұжымы биылғы жылдың мамыр айында өзара ақылдасып, баспанадан тарығып жүрген бір отбасына үй алып беру жөнінде бастама көтерген-тұғын. Таңдау Мереке ауылында тұратын бес қызы бар Күмісқалиевтер жанұясына түскен-ді. Ұзақ жыл апатты үйді мекендеген Мерген мен Алтыншаш Күмісқалиевтер ешкімге алақан жаймай, адал еңбектерімен күн көріп отырған отбасылардың бірі. «Көп түкірсе көл» деген. Оразадан сәл бұрын басталып, қайырымдылық айлығы аясында жалғасқан сауапты іске ауданнан бөлек, облыс тұрғындары да белсене ат салысып, бас-аяғы 250-ге жуық адам 1 млн. теңге көлемінде қаржы жинап берді. Сол қаржыға Мереке ауылынан 4 бөлмелі, жақсы жөнделген үй сатып алынды. Күні кеше қуанышқа кенелген жанұяға пәтер кілті салтанатты жағдайда табыс етілді.          

— Әуелі халқымызға ризамыз. Барлығы тілеулес болып, біздің үй алуымызға көмектесті. Енді, міне, еңселі үйге көшіп, қуанышқа кенеліп жатырмыз. Тұңғыш қызымыз 4-сыныпта оқиды. Ортасында егіз қыздарымыз бар. Аллаға шүкір! Жасаған жақсылықтар Құдайдан қайтсын! Осы шаруаға бастамашы болған «Екпін» газетінің ұжымына, редакторы Темірболат Тоқмамбетов балама аналық алғысымды білдіремін. Бүлдіршіндеріміз жаңа, жылы үйде аман-есен өсіп, еліміздің мақтаулы азаматшалары болса екен, – дейді көпбалалы ана Алтыншаш Күмісқалиева.

Тегтер: баспана тұрғын үй мектеп аурухана халыққа қызмет көрсету

ҰҚСАС ЖАҢАЛЫҚТАР

Тоқтар ҒАБДРЕШҰЛЫ 12:20
Бөкейде дүбірлеген той өтті
Миуа БАЙНАЗАРОВА 09:44
Сапалы білім – болашаққа құйылған инвестиция
Жарас КЕМЕЛЖАН 09:10
Сейітқазы Матаев: Төртінші билік? Биліктің көзіне шыққан сүйелміз
Еркежан АРЫН 25.10.2021, 08:48
Қазақстандағы гендерлік саясат үнемі сабақтастық пен тепе-теңдік принциптеріне негізделген
Сайт әкімшілігі 22.10.2021, 19:13
Ы.Жақаевтың 130 жылдық мерейтойына орай ауыр атлетикадан жасөспірімдер турнирі өтті
Айтбала СҮЛЕЙМЕНҚЫЗЫ 22.10.2021, 14:40
Тас жолдарды тоздырған жүк көліктері жүгенсіз кетті

Аңдатпа


  • «Ақиқаттың алдаспаны» байқауына қатысыңыз
    11:14
  • «Ақиқаттың алдаспаны» байқауына қатысыңыз
    19.10.2021, 10:30
  • Гүлшара Әбдіқалықова «Жас Алаштың» тілшісімен кездесті
    05.10.2021, 11:21
  • Ұлт құндылығының ұлағаты
    14.09.2021, 12:30
  • «Жас Алаштың» 100 жылдығы Жамбылда жалғасты
    03.08.2021, 11:01