07.12.2020, 09:11
1261
Қызылордалық атлет Илья Ильин тағы бір жаңа қызметтің құлағын ұстады.
Енді ол «Ұлттық ғылыми-практикалық дене тәрбиесі орталығының» дене шынықтыру саласындағы ғылыми зерттеу жұмыстары зертханасының бас ғылыми қызметкері. Зілтемірші сүйінші жаңалығын «Instagram» жеке парақшасында жариялады.
«Тағайындау! Ильин Илья Александрович ҚР БҒМ «Ұлттық ғылыми-практикалық дене тәрбиесі орталығы» РМҚК дене шынықтыру саласындағы ғылыми зерттеу жұмыстары зертханасының бас ғылыми қызметкері лауазымына тағайындалды», – делінген ондағы жазбада.
Туған жеріне оралғалы бері Илья «Мұз айдыны» спорт кешені мен Қазақстандық спортшылар одағының Қызылорда облысы бойынша филиалын басқарады. Енді спорт саласындағы ғылыми жұмыстармен де айналысып көрмек. Танымал спортшының жергілікті спортты дамытуға қатысты үлкен жоспарларының бар екенін алдағы уақытта жазатын боламыз.
ҰҚСАС ЖАҢАЛЫҚТАР