Ішкі көші-қонды үйлестіру жастар үшін тиімді

Айтбала СҮЛЕЙМЕНҚЫЗЫ

15.03.2022, 11:10

2221

Әлем елдерінде ішкі миграция қалыпты үрдіс саналады. Дүниежүзілік тенденцияға сәйкес, елімізде  ішкі көшіп-қону соңғы жылдары үш есеге өскен. Осы орайда, Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев ірі шаhарларда тұрғындар санының көбеюі халықтың әлеуметтік-экономикалық сұранысын қанағаттандыруда қиындық туғызатынына  алаңдаушылық барын айтты. Сол себепті, Президент Үкіметке  Павлодар мен Петропавл қалаларындағы көші-қон үдерісіне сәйкес пәрменді шаралар қабылдауды тапсырды. Бүгінде екі қалада да, тұрғындар мен еңбек ресурстарынан тапшылық бар.

Республика ішіндегі көші-қон процесі негізінен жастарға тиісілі.

«Жастар болашаққа деген сенімділік көзқарасты ұсына алатын саяси және экономикалық жүйені құруға мүдделі. Миграция процесінде нақты орындалатын жүйе болмаса, смартфондар мен әлеуметтік желілер арқылы байланысып, пікір алмасып отыру жеңілдеп кеткен уақытта жастар арасында түрлі қақтығыстар орын алуы ықтимал », – деген «Халықаралық валюта» қоры мамандарының ескертуі есте болар.

Ендеше, Қазақстанда қоғамның экономикалық белсенді мүшелерін еңбекке орналастыру мен олардың көшуіне қандай мүмкіндіктер туғызылуда деген сауал өздігінен туындайды. Басқа өңірлерге қарағанда, біздегі солтүстік аймақтарда халық саны азайып барады. Әрі ондағы демографиялық көрсеткіш мардымсыз. Ілгеріде, ҚР еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі 2018-2022 жылдар аралығында солтүстікке 59 мың отбасын көшіруді межелеп отырғанын жариялаған болатын. Бұл өңірдегі халықтың кем-кетігі оңтүстіктің есебімен толықпақ. Аталған облыстарда жұмысқа жарамдылық пен табиғи өсім  қалыпты сақталған.  

Елімізде ертеректе басталған мемлекеттік «2050» бағдарламасы осы  игі бастаманы ілгерлететін стратегиялардың бірі. Бағдарлама оңтүстік облыстағы жастарды солтүстік аймақта оқытып, тұрақтандыруды көздейді.

Жоба жетекшісі Мұрат Әбеновтің мәлімдеуінше, солтүстіктегі сұранысқа ие мамандарға жергілікті колледждер мен ЖОО-да білім беріп, олар оқуларын бітірген соң, сол жерде жұмысқа орналастыруға жұмылдыру.

— Барлығымызға мәлім, туу көрсеткіші ілгері Алматы, Жамбыл, Қызылорда, Маңғыстау, Оңтүстік Қазақстан облыстарынан  көшуге ынта білдірушілер аз емес. Әлбетте, олар солтүстікке лег-легімен келсе, жұмыссыздық проблемасын тудыратыны белгілі. Сондықтан Солтүстік Қазақстанға тұрғын үй, орта білім беру ұйымдары, балабақша көп керек. Әлбетте, еңбек күші артқан жерде, маманға сұраныс азаяды. Бұл – нарық заңы.  Ал кейбір аймақтарда мамандар қат. Мұндай проблема 7-8 облыста бар. Өйткені ол жерлерде демографиялық өсім аз, сыртқы миграция белсенді жүруде. Кеткендердің орнын толықтыру үшін білімді мамандар мен өз ісін жетік меңгерген жас мамандарды көптеп әзірлеу керек, – дейді қоғам қайраткері Мұрат Әбенов.

«Серпін» бағдарламасы бойынша осы уақыт аралығында жастарға 2050 білім гранты бөлінген. Оның басым бөлігі педагогикалық мамандықтар мен орта білімді кәсіби мамандық иелеріне берілген. Соңғы кездері елдегі  жастар арасында  ауыл шаруашылық саласына бетбұрыс   байқалады. Олардың дені мал өсіріп, егін егуге ынта білдіруде. Бұл тұрғыда, Орталық Қазақстанның агрономдары топырағы құнарлы, жері шүйгінді, егіні бітік шығатын, суармалы алқапқа бай -солтүстіктің табиғаты шаруашылыққа ыңғайлы екенін үнемі айтып жүр.  Айтпақшы, Солтүстік Қазақстанға қоныс аударушы қандастарға егіндік және жайылымдық жерді байқауға қатыспастан әрі кезексіз алуға болады. Үкімет туғызған жеңілдіктің тағы бірі, мал шаруашылығын өркендетуге ниетті ағайынға басқа да қолайлы жағдайлар жасалады.  Өкінішке қарай, теріскейге қоныстанушылар қатары тым аз. Мамандардың айтуынша, үш жылда солтүстік өңірге көшкендер саны мыңға да жетпеген. Сонда, еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі енді бір жылда 59 мың отбасын қалай және қайдан алып толтырмақ? Көбіміз үміт артқан тарихи Отанына келген оралмандардың бұл облыстарға баруға ниеті жоқ.  

Тегтер: көші-қон саясат пайым пікір

ҰҚСАС ЖАҢАЛЫҚТАР

Сайт әкімшілігі 23.05.2022, 10:30
Келесте 14 мал ұрлығына қатысы бар топ ұсталды
Сайт әкімшілігі 23.05.2022, 09:43
Коронавирус жұқтырған жеті қазақстандық ауыр жағдайда жатыр
Сайт әкімшілігі 21.05.2022, 19:13
Шымкенттегі жарылыс: Оқиға салдарынан бір нәресте шетінеді
Сайт әкімшілігі 21.05.2022, 18:29
Шымкент:Төтенше жағдайлар департаментінің бастығы жарылысқа байланысты шұғыл брифинг берді
Нұр-Қасым ЖОМАРТ 20.05.2022, 11:50
Кәсіпкерлік ортаның бәсекесі қыза бастады
Айтбала СҮЛЕЙМЕНҚЫЗЫ 19.05.2022, 11:25
Қарағанөзектік балалар өлімге бас тігіп жүріп білім алуда

Аңдатпа


  • Не істеу керек?
    24.05.2022, 08:00
  • Қазақстан шекарасын «қарақшы» күзетеді (видео)
    24.05.2022, 08:07
  • «Зың әкімге» де тықыр таянды ма?
    24.05.2022, 08:05
  • НӘН-байдың заманы мен зауалы
    20.05.2022, 08:09
  • Амалбек Тшанов: Бұлардың көзқұрты – колледжің жері
    20.05.2022, 08:01