17.10.2020, 11:07
135
Шымкент қаласының аудан аумақтарында коронавирус инфекциясының алдын алу мақсатында мониторинг жұмыстары жалғасын табуда. Бұл туралы Шымкент қаласының Ақпараттық-коммуникациялық орталығы хабарлады.
Еңбекші ауданы бойынша мобильдік топ ақпараттық-түсіндіру жұмыстарын тұрақты жүргізуде. Жұмысшы топ құрамына аудан әкімі аппаратының қызметкерлері, ішкі істер органдары және аудандық тауарлар мен көрсетілетін қызметтердің сапасы мен қауіпсіздігін бақылау басқармасының қызметкерлері енген.
Жұмысшы топ аудан аумағындағы халық көп шоғырланатын орындарда, ірі сауда орындары, базарлар мен қоғамдық көліктерде санитариялық-ағарту жұмыстарын жүргізді.
Жалпы аудан аумағында 20 шілдеден бастап карантин режимін бұзған 143 сауда нысанына хаттама толтырылып, айыппұл салынды.
ҰҚСАС ЖАҢАЛЫҚТАР