Кәсіпкер ғимаратын тегін бермек

Сайт әкімшілігі

16.11.2020, 15:32

152

Шымкент қаласындағы Сайрам тұрғын алабында орналасқан №6 Халыққа қызмет көрсету орталығы 66 мыңнан аса тұрғынға қызмет көрсетіп келеді. Бұл туралы Шымкент қаласы әкімінің баспасөз қызметі хабарлады.

Қала әкімі Мұрат Әйтенов Қаратау ауданын аралау барысында аталған халыққа қызмет көрсету орталығына ат басын бұрды. Қызмет көрсету орталығы бүгінде Шымкент қалалық Өзбек драма театрының ғимаратын жалға алып отыр.

Шаһар басшысымен кездесуге арнайы келген жеке кәсіпкер Ибрагим ата көшесінде орналасқан жеке меншігіндегі әкімшілік ғимаратты ХҚКО-ға тегін қолданысқа беруге ниетті екенін жеткізді. 400 шаршы метрді құрайтын ғимарат іші толығымен жиһазбен жабдықталған.

Лазизхан Сулайманов –кәсіпкерлерге қолдау көрсету жөніндегі мемлекеттік бағдарламалардың сәтті жүзеге асуынан кәсібін дөңгелетіп отырған жеке кәсіпкер. Ол бұл ісін қаланың патриоты ретінде жасағанымен түсіндіреді.

Өз кезегінде Мұрат Дүйсенбекұлы қала тұрғынына өз алғысын жеткізіп, халыққа қызмет көрсету орталығын жақын арада көшіруді жүктеді.

Тегтер:

ҰҚСАС ЖАҢАЛЫҚТАР

Сайт әкімшілігі 15.10.2021, 17:20
Жаңа заң жобасы қабылданды
М.СӘУЛЕБЕК 15.10.2021, 12:19
Үлкен жолайрық – үлкен қалаларға тән құбылыс
Арайлым ЕРКЕБАЕВА 15.10.2021, 08:25
«Мұнайдың үстінде отырып мұнайға жарымаймыз»
Еңлік АРЫҚБАЙ 15.10.2021, 08:23
Мектеп құлап жатыр: рас па?
Сайт әкімшілігі 14.10.2021, 12:01
«Атамекен-Түркістан» микро қаржы ұйымы алғашқы жобаны қаржыландырды
Гүлнар ДҮЙСЕБАЙ 14.10.2021, 10:56
Даланың дана диқаны

Аңдатпа


  • Гүлшара Әбдіқалықова «Жас Алаштың» тілшісімен кездесті
    05.10.2021, 11:21
  • Ұлт құндылығының ұлағаты
    14.09.2021, 12:30
  • «Жас Алаштың» 100 жылдығы Жамбылда жалғасты
    03.08.2021, 11:01
  • «Жас Алаш» газетінің мерейтойына орай бильярдтан турнир өтті
    30.07.2021, 12:31
  • "Жас Алаштың" 100 жылдығына орай Таразда бильярдтан турнир өтуде
    29.07.2021, 12:29