Кәсіпкерліктің тынысы кеңейіп келеді

Сайт әкімшілігі

13.11.2020, 12:10

353

Шымкент қаласы Әл-Фараби ауданында 10 ай көлемінде 4 млрд теңге көлемінде инвестиция тартылған.

Бұл жөнінде  аудан әкімі Ғабит Мәуленқұлов ақпараттық-коммуникациялық орталықта өткен брифинг барысында мәлімдеді.

— Жыл басынан жалпы 24 ірі кәсіпкерлік нысанның құрылысы басталды. Оның ішінде 13 кәсіпкерлік нысан іске қосылып, 11-нің құрылыс жұмыстары жүргізілуде. Нәтижесінде 548 адам тұрақты жұмыспен қамтылып, тартылған инвестиция көлемі 4 млрд теңгені құрады. Карантин режимінде енгізілген шектеу шараларына байланысты, біршама құрылысы жүріп жатқан кәсіпкерлік нысандар мерзімінде аяқталмады, — деді Ғабит Патшаханұлы.

Онымен қоса, ауданда «Орталық қырғы базар», «Дархан» базарын қайта жаңғырту (реконструкция) жұмыстары жүргізілуде. «Дархан» базарындағы күрделі құрылыс жұмыстарын осы жылы бастап, 2021 жылдың желтоқсан айында аяқтау жоспарлануда екен. Құрылыс жұмыстарына «Бизнестің жол картасы – 2025» бизнесті қолдау мемлекеттік бағдарламасы аясында, «Даму» кәсіпкерлікті дамыту қоры» АҚ қолдауымен 100 млн. теңге субсидия бөлінген.

Кәсіпкерлікті қолдау мақсатында «Мен кәсіпкер боламын!» бағдарламасы аясында 103 азамат әртүрлі салада өз кәсіптерін ашып, жұмыстарын жүргізуге мүмкіндік алған.

Тегтер:

ҰҚСАС ЖАҢАЛЫҚТАР

Еркежан АРЫН 27.05.2023, 19:33
Алматыда ішімдікке тәуелділердің саны 7,5%-ға азайған
Сайт әкімшілігі 27.05.2023, 10:45
Алматыда "Халық заңгері" кең ауқымды акциясы өтті
Сайт әкімшілігі 26.05.2023, 17:00
Оңтүстіктегі диқандар су тапшылығын тартып отыр
Сайт әкімшілігі 26.05.2023, 16:00
Оралдағы тергеу изоляторы құрылысын аяқтауға тағы 6 миллиард теңге қажет
Б.СӘРСЕНБІ 25.05.2023, 16:30
Шіркеймен күрес тамызға дейін жалғасады
Еркежан АРЫН 25.05.2023, 09:00
Алматы жастары арасында суицидтің алдын алу жұмыстарының маңызы

Аңдатпа


  • Келген қазақ құжатсыз, туған бала тұрақсыз
    26.05.2023, 10:25
  • Қазақтың жерін саудалап жүрген кім?
    26.05.2023, 09:51
  • Құқығың бұзылса, депутатқа айтасың, депутат бұзылса, кімге айтасың?
    26.05.2023, 09:13
  • Ғинияттың 207 мың кемшілігі
    25.05.2023, 10:00
  • Орталық Азияның «отағасы» кім?
    25.05.2023, 09:31