Келінінің атын жамылып, ақша сұраған күдікті ұсталды

Бақытжан ӘБДІРАШҰЛЫ

15.12.2021, 09:24

2569

Әлеуметтік желіде, мессенджерде туысының, танысының атынан ақша сұрап, алаяқтық жасаудың кейінгі кезде жиілеп кеткені рас. Түркістан облысында  келінінің атын жамылып,   алаяқтық жолмен есепшотына ақша аудартып алған ер азамат анықталды. Бұл туралы облыстық Полиция департаментінің баспасөз қызметі хабарлады.

Түлкібас аудандық Полиция бөліміне жергілікті әйел арызданып, белгісіз   біреудің алаяқтық тәсілмен есеп-шотына  100 000  теңге  ақша салдырып алғанын хабарлаған.  Аталған жайтты тәртіп сақшылары Қылмыстық кодекстің 190-бабы «алаяқтық» бойынша тіркеді.

Тәртіп сақшылары қылмысты дер кезінде ашып, алаяқты ұстауға бағытталған жедел-іздестіру жұмыстарын жүргізді. Тексеру жұмыстарының нәтижесінде ақша аударылған есепшот анықталды. Ол Қазығұрт ауданының тұрғынына тиесілі болып шықты. Күдікті ер азамат аудандық Полиция бөліміне жеткізілді.

Анықталғандай, ұсталған азамат ватсап желісі арқылы жәбірленуші әйелге келінінің  атынан хабарлама жазып,  ақша қажет екенін айтқан. Жәбірленуші алаяқтың сөзіне сеніп, 100 мың теңге салып жіберген. Қазіргі уақытта күдікті деп танылған ер азаматқа қатысты сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде.

Тегтер: қылмыс заң тергеу тексеру

ҰҚСАС ЖАҢАЛЫҚТАР

Айтбала СҮЛЕЙМЕНҚЫЗЫ 12:00
Жәйремдіктердің жанайқайы:«Мемлекеттік бағдарламамен берілген үйдің сиқы осы»
Мариям МАҚСАТ 08:53
Кім кімді алдады?
Арайлым ЕРКЕБАЕВА 19.01.2022, 17:45
Қарағанды өңіріндегі дүрбелең қалай өрбіді?
Қайрат Балабиев 19.01.2022, 16:57
Атамекенді аялау – азаматтық парызымыз
Бақытжан ӘБДІРАШҰЛЫ 19.01.2022, 15:33
Шымкент: шығын әлі есептеліп жатыр
Тоқтар ҒАБДРЕШҰЛЫ 18.01.2022, 15:30
БҚО-да бір полицейдің мұрны қанамады

Аңдатпа


  • Қазақстанда билік төңкеріледі - үндістандық көріпкел Арченаның айтқаны келді
    19.01.2022, 00:00
  • «Аш адам ұрысқақ келетінін» ұмытпасақ екен...
    19.01.2022, 08:48
  • Жарылысқа жол ашқан – биліктің мақтаншақтық идеологиясы
    19.01.2022, 09:05
  • Аренадан Алаңға дейін...
    18.01.2022, 08:39
  • Қазақты байытпаған «Самұрық-Қазына» «Жаңа Қазақстанға» жеткізе ме?
    18.01.2022, 08:38