Кім кінәлі?: Жауап берсін!

Айтбала СҮЛЕЙМЕНҚЫЗЫ

11.06.2021, 11:11

2117

9 маусым күні Горняк дүкенінің маңында оқыстан ажал құшқан жігіттің неден көз жұмғаны анықталды. Сот-медициналық сараптаманың қорытындысына сәйкес, жәбірленушінің өлімі тоқ соғудың салдарынан болғанын растады. Куәгерлер атпалдай азаматтың осы маңдағы дүкенген тауар кіргізіп, шығар есіктің жанындағы темірден ұстаған бойда сол жерде сұлап құлағанын айтты. Маңындағылар оған жедел жәрдем көмекке келгенше жасанды тыныс алдыру тәсілін жасағанмен, ешқандай нәтиже шықпаған. Айтпақшы, сараптама қортындысына дейін қалалалық әкімшілік марқұмды тоқ соқты деген ақпаратты теріске шығарған еді. Ал, қайтыс болған жігіттің туыстары тоққа ұрынудан өлді деп зар еңіреді. Түстен кейін облыстық полиция департаменті сот-медициналық сараптаманың нәтижесін жариялағанда, қара жамылған жақындарының сөзі ақиқат болып шықты. Ашық тоқ көзіне ұрынған 32 жастағы Ұлан Шайкенов Қарағандыдағы фирмалардың бірінде экспедитор болып жұмыс істеген. Марқұмының артында екі баласы мен зайыбы аңырап қалды.

— «Кісі өліміне әкелген факті бойынша ҚР Қылмыстық Кодексінің 308 бабы «қауіпсіздік талаптарына сай келмейтін тауарларды шығару немесе сату, жұмыстарды орындау не қызметтер көрсету» бойынша қылмыстық іс қозғалды. Қазіргі уақытта оқиғаның толық мән-жайын анықтау мақсатында жан-жақты тергеу жұмыстары жүргізілуде», — деп мәлімдеді ресми органның баспасөз хатшысы.

Ашынған халық, абдыраған билік

Халқының саны тығыз орналасқан Октябрь ауданының тұрғындары қайғылы жәйт орын алған маңға шоғырланып шағымға басты. Қарашаның ашуға мінуіне биліктің елді-мекендегілердің жағдайына жіті бақылау жасамауы ашындырды.

— «Осы маңда 3 адам тоқтан өлді ғой. Дұрыс жауап жоқ. Бәрі біткен соң, келесіздер! Жалған айтасыздар, халықты алдамау керек! Проводтар әлі ашық жатыр. Соны неге қарамайсыздар? Мына әлеуметтік дүкеннің бағасы шарықтап тұр. 21 ғасырда өмір сүріп жатырмыз. Дүңіршіктерді орынынан алып тастаңыздар! Біз мал емеспіз, жауапкершілікті талап етеміз!» — деді осы маңға келген келіншектің бірі.

Әділетсіздікке күйінген ер адам:

— Осы жерде балмұздақ сатамыз деп біреу келсе, иесі дереу жетіп келеді. Себебі 3-4 метрге дейінгі жер аумағы соның меншігінде. Енді неге ол қарасын батырып отыр? Сонда 10 адам өлу керек пе? Бірінші орында адам құқығы емес пе? — деп билік өкілін сұрақ астына алды.

Қайғылы оқиға орын алған маңда жол жөндеу жұмысы жүріп жатыр. Әр жердегі қазылған үйінділер соның көрінісі.

Билік «бүй» дейді:

Оқиға орынына келген Қарағанды қаласы әкімінің орынбасары Нұрлан Бикенов жиналған жұртқа:

— «Қарағанды жарықтың» мамандары ашық жатқан тоқ сымдары тоқ көзіне қосылмаған деді. Гәп-мына дүңгішектен болуы мүмкін деген жорамал айтты. Бірақ, болжаның рас не жалған екені тексеріс нәтижесі шыққанда айқындалады», — деген уәж айтты.

Қарағандылық қоғам осылайша қан қақсап қалды. Төтенше жағдай болған аумақта кішігірім бірнеше дүкендер мен ашық аспан астындағы «Горняк» базары орналасқан. Қарапайым қараша күн көрісін осы жерден табады. Оның үстіне, осы төңіректе ертелі-кеш жүріп тұратын халықтың қарасы бір сәтте толастамайды. Жол бойы болса, жағалай жайпап жатыр.

Тегтер:

ҰҚСАС ЖАҢАЛЫҚТАР

М.СӘУЛЕБЕК 24.09.2021, 15:04
Инвесторлар үшін тартымды өңір
Арайлым ЕРКЕБАЕВА 24.09.2021, 11:13
Жезқазғанда экспедиция қатысушылары бұрын зерттелмеген петроглифтерді анықтады
Сайт әкімшілігі 24.09.2021, 09:25
Нұр-Сұлтаннан Ыстамбұлға шыққан ұшақ шұғыл қонды
Еркежан АРЫН 23.09.2021, 15:30
Жастардың мемлекеттік саясаты өзгеруі мүмкін
Еркежан АРЫН 23.09.2021, 13:00
Еріктілер вакцинаның маңыздылығын насихаттауда
Арайлым ЕРКЕБАЕВА 23.09.2021, 08:30
Сарандағы РТБ зауыты ауданында тіршілік жаңарды

Аңдатпа


  • Ұлт құндылығының ұлағаты
    14.09.2021, 12:30
  • «Жас Алаштың» 100 жылдығы Жамбылда жалғасты
    03.08.2021, 11:01
  • «Жас Алаш» газетінің мерейтойына орай бильярдтан турнир өтті
    30.07.2021, 12:31
  • "Жас Алаштың" 100 жылдығына орай Таразда бильярдтан турнир өтуде
    29.07.2021, 12:29
  • "Жас Алаштың" 100 жылдығына орай ұйымдастырылған бильярд турнирі тартысты өтті
    14.03.2021, 11:39