"KITAP FEST" фестивалі басталды

Сайт әкімшілігі

25.11.2020, 17:15

315

Шымкентте алғаш рет республикалық «Kitap Fest» кітап фестивалі  өтеді.

Тұңғыш Президент күніне орай кітап оқу, кітапқа деген құштарлықты насихаттауға арналған іс-шараны Шымкент қаласы ішкі саясат және жастар істері жөніндегі басқармасының «Рухани жаңғыру» бөлімі ұйымдастыруда.

Фестивалге Нұр-Сұлтан, Алматы, Шымкент қалаларынан белгілі баспа үйлері, кітап дүкендері қатысады деп жоспарлануда. Бұл күні кітапхана өкілдері де оқырмандармен ашық диалог құруға дайын.

«Қазақ университеті», «Фолиант», «Книжный клуб», «Жебе», «Қызмет газеті», «Шұғыла кітап» баспа үйлері, М. Әуезов атындағы ОҚУ жобалық кеңсесі, «Эрудит», «Қазына» кітап дүкендері мен Шымкент қаласының кітапханалары кітап әлеміне өздеріңізбен бірге саяхат жасауға шақырады.

Сондай ақ, фестивальге келуші әр оқырман баспа үйлерінен және дүкендерінен алған кітаптарының бірін арнайы ашылған «Балаларға базарлық» қайырымдылық бұрышына қалдыра алады. Онда жиналатын кітаптар фестиваль қорытындысында қаламыздың аз қамтылған және тұрмысы төмен, көпбалалы отбасыларының балаларына еріктілер көмегімен таратылады.

Қатысушылар: өңірдің зиялы қауым өкілдері, жастар, кітапхана оқырмандары, жоғары оқу орындарының және колледж студенттері, мектеп оқушылары, ата-аналар, жалпы қала тұрғындары мен қонақтары.

Іс-шара «Көрме» орталығында бір аптаға жалғасатындықтан сүйікті авторларыңыздың шығармаларын таңдап жақындарыңызға ең құнды сыйлық жасауға да болады.

Тел.: 87477879091, 87027120377 Электронды пошта: ruhani_jangyru@bk.ru

Тегтер:

ҰҚСАС ЖАҢАЛЫҚТАР

Гүлжан СЕРІКҚЫЗЫ 30.07.2021, 17:53
Ішкі туризмнің халі қалай?
Сайт әкімшілігі 30.07.2021, 17:51
Әкімшілік рәсімдік-процестік кодексі: мемлекетке сену құқығы
Сайт әкімшілігі 30.07.2021, 17:49
Жаңа кодекс қазақстандықтарды қалай қорғайды?
Нұр САЙЛАУОВА 30.07.2021, 17:42
Қазақстанның жаһандық бастамаларына оң баға берілуде
Б.СӘРСЕНБИ 30.07.2021, 17:38
«Жұмыла көтерген жүк жеңіл»
Арайлым ЕРКЕБАЕВА 30.07.2021, 15:21
«Жусан» операциясы: тағдыр тәлкегінен құтқарғандар

Аңдатпа


  • «Жас Алаш» газетінің мерейтойына орай бильярдтан турнир өтті
    30.07.2021, 12:31
  • "Жас Алаштың" 100 жылдығына орай Таразда бильярдтан турнир өтуде
    29.07.2021, 12:29
  • "Жас Алаштың" 100 жылдығына орай ұйымдастырылған бильярд турнирі тартысты өтті
    14.03.2021, 11:39
  • «Жас алаштағы» жасын жылдар
    15.07.2021, 10:58
  • Ташкенттен «Жас Алаш» газетінің түпнұсқасы табылды (видео)
    07.07.2021, 13:15