Көлік кептелісінен құтылар күн бар ма?

Сайт әкімшілігі

18.09.2020, 08:27

964

Шымкентте Қонаев даңғылы — Рысқұлов көшесінің қиылысында жолайрық салынады. Бұл жөнінде қала әкімінің орынбасары Мақсұт Исахов қаладағы жол құрылысы жұмыстарына қатысты ұйымдастырылған арнайы баспасөз-туры кезінде айтты. Осылайша шаһардағы кептеліс мәселесін азайтпақ.

–Қазіргі таңда қала көшелеріне сараптама жүргізу нәтижесінде, жолаушылардың қолайлылығы үшін Қонаев даңғылы мен Рысқұлов көшелерінің қиылысына заманауи жол айрығын салу қажеттілігін байқап отырмыз. Күнделікті кептелістерден тұрғындардан шағымдар, наразылықтар байқап жатырмыз. Соны ескере отырып, қазан айынан бастап жол айрықтың жұмысына кірісеміз. Жоба келесі жылы толық аяқталуы қажет, — дейді ол.

Сонымен қатар, биыл қаладағы 259 нысан 416 шақырым жол құрылысын жүргізу жоспарланған болатын. Қазіргі таңда 160 көшеде, 203 шақырым жол жөндеу жұмысы аяқталды. Ендігі жерде 99 көше, 213 шақырым жөндеу жұмыстары қалғанын айтты.

Қыркүйектің соңына дейін бірнеше жол құрылыс жұмыстары мен жол өткелдерін ретке келтіру, аялдама мен бағдаршам орнату, көшені таңбалау жұмыстары аяқталады.

Ал, Қонаев көшесінің Түркістан көшесінен ары қарайғы жалғасы да салынып, 1 кезеңі желтоқсан айында толық аяқталады.

Сондай-ақ, Мақсұт Исахов аялдамалардың орнатылу барысын, веложолақтардың салынуы мен велостанциялардың орналасуы мен пайдаланылуын, қалаға кіре беріс Шымкент-Ташкент өткеліндегі жөндеу жұмыстарының барысын таныстырды.

Тегтер:

ҰҚСАС ЖАҢАЛЫҚТАР

Сәтжан ҚАСЫМЖАНҰЛЫ 18:10
Шығыста «қосылғыштар» орын алмасып жатыр
Сайт әкімшілігі 12:19
Сегіз өңір "қызыл" аймаққа енді
Мариям МАҚСАТ 09:30
Ауылдағы ағайын ауызсуға жарымай отыр
Арайлым ЕРКЕБАЕВА 26.01.2021, 11:30
Кітапқұмар қылмыскердің жазасы қысқаруы мүмкін
Тоқтар ҒАБДІРЕШҰЛЫ 26.01.2021, 10:28
Шалқар көлін құтқару «операциясы» қашан басталады?
Сәтжан ҚАСЫМЖАНҰЛЫ 26.01.2021, 10:23
Өкімі өзінен бұрын жеткен Сақтағанов Семейді басқаруға тағайындалды

Аңдатпа


  • Кім көрінгеннің ермегіне айналған отбасы заңы
    09:28
  • Озат ойдың айбыны
    26.01.2021, 11:26
  • Өкімі өзінен бұрын жеткен Сақтағанов Семейді басқаруға тағайындалды
    26.01.2021, 10:23
  • "Вакцина жасатқандар жарты жылдан кейін жаппай өле бастайды», бұл ақиқат па?
    25.01.2021, 09:46
  • Қазақ қызы АҚШ президентінің протокол басшысының міндетін атқарушы болып тағайындалды
    22.01.2021, 13:10