Күштінің арты диірмен тарта бере ме?

Миуа БАЙНАЗАРОВА

14.07.2021, 09:40

6153

       Қызылорда облысы Арал аудандық сотының төрайымы Камшат Сәдуақасова судьялық лауазымға қол жеткізе алмай тұрған кезде «Қазпошта» АҚ-да заңгерлік қызметін атқарып жүріп, бір азаматпен тұрмыс құрып, одан ұлды болған. 2012 жылы сот орындаушысы Камшат отбасымен ажырасады, одан соң Нұралы Нұрлан деген жігітпен екінші рет тұрмыс құрған көрінеді. Нұрланнан қыз сүйіп, қызметі өсіп, судья болады.

2015 жылы Нұрланның мекемесінде мəселе басталады. Облысқа жаңа келген басшы мекемені жауып, қайта ашады. Бірақ ол жерге басқа басшы келеді. Әңгіменің төтесі – Нұрланның басына «қара бұлт» үйіріледі.

        Екі жыл өткен соң, 2017 жылы судья Камшаттың облысқа танымал, белгілі кəсіпкермен көңіл жарастырып жүргені белгілі болады. Заң жүзінде, іс жүзінде жеті жастағы қыздың əкесі Нұрлан аяқастынан қыздың əкесі болмай шығады. 2019 жылдың 10 қыркүйегінде Қызылорда қаласының судьясы Эльмира Ахметованың шешімімен талапкер Камшат Сәдуақасованың қызы туралы акт жазбасы мəліметтер қатарынан əкесі Нұрланның есімін алып тастау туралы қанағаттандырылған. Осылайша сот шешімімен іс жүзінде əкесі, құжат жөнінде əкесі емес болып шыға келеді. Бұл жайында Нұрлан сотқа шақырылмаған. Сот шешімі оған берілмеген. Нұрлан баласын қайтаруды талап етуде.

      Осы оқиғадан біраз уақыт өткен соң, судьяның үшінші «күйеуім» деп атаған Ибрагим Әбубәкіров  аяқастынан қайтыс болады. Ол ірі кəсіпкер болатын. Бүгінде Камшат Сәдуақасова қайтыс болған И.Әбубәкіровтің заңды әйелі Бақытпен дауласып жатыр. Оның артында қалған дүниенің 7/1 бөлігін иемденбек. Өйткені жеті жасар бүлдіршін кәсіпкердің қызы ретінде жазылғандықтан, дүние-мүліктің бір бөлігіне көз тігуде. Марқұм  Ибрагимнің бес баласы бар. Үлкен ұлы 28 жаста, 1-топтағы мүгедек, арбаға таңылған. Әкесінен қалған компанияны сол ұлы басқарып отыр. Марқұмның топырағы суымай жатып дүниеге талас басталды. Ұлы құқық қорғау органдарын тексеруге шақыртып, құжаттарды сұратып жатыр. Өткен жылы «Абу-Сер» компаниясы екі үлкен тексеруден өтті. Арал аудандық сотының төрайымы Камшат Сәдуақасова болса марқұмның балалары мен жесірінің үстінен сотқа «ұйымдасқан қылмыстық топ» деп арыз жазған. Марқұмның жылдық асы болмай-ақ, облыстық сот шақыртып, түсініктеме талап етуде.

       Осылайша аудандық сот төрайымы баланың заңды əкесін, лауазымын пайдаланып, əріптестеріне шешім шығартып, əкелік құқығынан айырды. Отбасы бола тұра, отбасылы азаматты азғындыққа жеткізді. Бір ғана Арал ауданының сот төрайымы К.Сәдуақасова үш бірдей отбасын бүлдіріп, енді жетім-жесір, мүгедек жандардың асына ортақтасқаны қалай? Судья «қызым Ибрагим екеуміздің ортақ баламыз» деп, өлген адамның дүниесіне ортақтасып, мұра талап етуде.

       2020 жылдың аяғында екінші күйеуі Нұрлан баланың заңды əкесі, өзінің əкелік құқығынан айырғанын біліп, балаға заңды құқығын қалпына келтіруді талап етуде. Бұл құқық бұзушылық пікір туғызуда. Қазақстан Республикасының  атынан өзінің пайдасына шешім шығартып, бірнеше отбасының шаңырағын шайқалтып, тағдырын бұзған бұл қандай судья? Жай халықты көзіне ілмейтін, менсінбей қарайтын судьялардан қашан құтыламыз? «Өзің диуанасың, кімге пір боласың?» деп осындайда айтылатын шығар.

      Судьяның сот мəртебесі туралы заңды, кəсіби қабілетімен қоса, өмірі жайлы да қатаң талап қойылған. Судьяның өмірі мінсіз болу керек. Судьялардың моральдық бейнесі мен өмірі (репутациясы мен лауазымы) туралы бір емес, екі заң шыққан. Бұл заңда президенттің жарлығымен тағайындалатын лауазымды тұлғаның берген антына адалдығы мен жауапкершілігі айтылған. Талапқа сай кандидаттар ғана сот саласына жіберілуі керек емес пе? «Күштінің арты диірмен тартады» деген осы ма? Сот төрайымы Камшат Сәдуақасованың қылығына қандай баға береміз? «Қазаншының еркі бар, қайдан құлақ шығарса» деген осы ма? Әлде соттар жұрттың байы мен дүниесіне көз тіге бере ме? Бұған әй дейтін әже, қой дейтін қожа табыла ма, өзі?

Тегтер:

ҰҚСАС ЖАҢАЛЫҚТАР

Гүлжан СЕРІКҚЫЗЫ 17:53
Ішкі туризмнің халі қалай?
Сайт әкімшілігі 17:51
Әкімшілік рәсімдік-процестік кодексі: мемлекетке сену құқығы
Сайт әкімшілігі 17:49
Жаңа кодекс қазақстандықтарды қалай қорғайды?
Нұр САЙЛАУОВА 17:42
Қазақстанның жаһандық бастамаларына оң баға берілуде
Б.СӘРСЕНБИ 17:38
«Жұмыла көтерген жүк жеңіл»
Арайлым ЕРКЕБАЕВА 15:21
«Жусан» операциясы: тағдыр тәлкегінен құтқарғандар

Аңдатпа


  • «Жас Алаш» газетінің мерейтойына орай бильярдтан турнир өтті
    12:31
  • "Жас Алаштың" 100 жылдығына орай Таразда бильярдтан турнир өтуде
    29.07.2021, 12:29
  • "Жас Алаштың" 100 жылдығына орай ұйымдастырылған бильярд турнирі тартысты өтті
    14.03.2021, 11:39
  • «Жас алаштағы» жасын жылдар
    15.07.2021, 10:58
  • Ташкенттен «Жас Алаш» газетінің түпнұсқасы табылды (видео)
    07.07.2021, 13:15