Лашықты паналаған жалғызбасты ана пәтерлі болды

Нұр-Қасым ЖОМАРТ

29.09.2020, 04:56

983

Қала іргесіндегі саяжайда лашықты паналап келген жалғызбасты ана баспаналы болды. Сауапты істі жергілікті әкімдік пен «Хикмет» қоры бірлесе атқарды. Жұртшылық қайырымды іске жұмыла біріккен жандарға разылығын білдірді.

Майра Мұхамедиярова әдепкіде баспаналы  боларына сенбеген-ді. Қысқа уақытта жомарт жандардың ұйытқы болуымен облыс орталығынан екі бөлмелі баспанаға ие болды. «Инстаграмнан қордың қайырымдылық шараларын қарап, көмек сұрадым. Үш күннен кейін маған пәтер алып берді. Мен дәл бұлай жылдам болар деп ойлаған жоқпын», – дейді Майра Мұхамедиярова.

Жалғызбасты ана осыған дейін қала шетіндегі «Сабалақ» саяжайында  шағын, ескі жер үйде күнелтіп келген. «Қыста төбеден сыз өтіп, аяз бойыңды қариды» дейді өзі. Қиын-қыстау жағдайда үш баласын жетілдіріп отырғанда, Майраның анасы қатерлі дертке шалдығып, жағдайы күннен-күнге нашарлай түскен. Анасының күтіміне байланысты амалсыздан бірнеше жылдан бері жұмысқа да шыға алмапты. Баспанамен қатар, енді жұмыс жағы да оңтайын тапты. Үйлі болуға да, жұмыс тауып беруге де қалалық жұмыспен қамту, әлеуметтік бағдарламалар және АХАТ бөлімі мұрындық болған.

«Жұмыс орнын SMOLL сауда орталығының басшылығымен сөйлесіп, келісіп қойдық. Өйткені жұмыс орны тұратын үйінен таяқ тастам жерде. Ертеңнен бастап жұмысқа қабылдау шаралары жүргізіледі. Ең бастысы, үйіне жақын, науқас анасына көмек беруге ыңғайлы. Жан басына шаққанда әлеуметтік көмек бар, егер де балаларына байланысты көмек тағайындау қажет болса, бұл секторға жауапты арнайы филиал өкілдері бұл кісімен тікелей жұмыс істейтін болады», – деді қалалық жұмыспен қамту, әлеуметтік бағдарламалар және АХАТ бөлімінің басшысы Индира Ақжігітова.

Расында, қалалық жұмыспен қамту әлеуметтік бағдарламалар және азаматтардың хал актілерін тіркеу бөлімінің мамандары тұрмысы төмен отбасылардың жағдайын тікелей бағамдауға кіріскен. Әсіресе қаланың шеткі аймақтарындағы мұқтаж отбасылардың жағдайын көзбен көріп, көмек көрсету қолға алынуда. Олар мемлекет тарапынан көрсетілетін қолдаумен қатар, қайырымдылық бастамаларды да үйлестіреді. «Хикмет» қорымен бірлесе атқарған осы бір сауапты іс сөзімізге дәлел.  «Шілдеден бастап шын мұқтаж жандарды анықтап келеміз. Жалпы, жұмысшы тобымен, яғни қоғам белсенділері, еріктілер және өзіміздің әлеуметтік қызметкерлерді тарта отырып, біраз жұмысты еңсердік. Ең бірінші ПМК-29, 66, 79, Сабалақ, Эдельвейс елді мекендерінің аумағын аралап, тұрғындардың хал-жайын бағамдадық», – дейді Индира Ақжігітова.

– «Хикмет» қайырымдылық қорының құрылғанына бір жыл болды. Осы азғана уақытта халықпен бірлесе отырып, 10 мұқтаж отбасына баспана берілді. Бүгінгі баспананың кілті Майра ханымның отбасына табысталып отыр. Оған бірден-бір себеп – халық; екінші, тұрмысы төмен отбасыларын анықтап беріп, көмек қолын созуымызды сұраған қала әкімдігінің уәкілдеріне алғысымыз мол. Алдымызда әлі бірнеше отбасын қуантатын жоспарларымыз бар. Біздің мақсат – жылаған ананың көз жасын сүрту, қиналғанның жанынан табылу. Бізге сәбидің жыламағаны, ананың жабықпағаны керек, – дейді «Хикмет» қайырымдылық қорының төрағасы Азамат Болатбек.

Иә, қайырымдылық бағытындағы байырқалы бастамалар мұнымен бітпек емес. Жұртшылық жұмылып атқарар іс әлі алда деп білеміз әрі

Тегтер:

ҰҚСАС ЖАҢАЛЫҚТАР

Сайт әкімшілігі 09:28
Төтенше жағдай: "АрселорМиттал Теміртау" цехында шатыр опырылды
Айтбала СҮЛЕЙМЕНҚЫЗЫ 22.01.2021, 17:30
Қарағанды облысында карантин күшейеді
Сәтжан ҚАСЫМЖАНҰЛЫ 22.01.2021, 17:00
Семейді қыстан сақтауға "қолы қойылмаған" Сақтағанов келді
Сәтжан ҚАСЫМЖАНҰЛЫ 21.01.2021, 17:44
"Ұлттық ат бәйгесін ас беру деңгейінде ғана қарастыруға болмайды"
Айтбала СҮЛЕЙМЕНҚЫЗЫ 21.01.2021, 16:13
Алименттен жалтарған әкенің көлігі тәркіленді
Мариям МАҚСАТ 21.01.2021, 14:14
Павлодар атауы өзгере ме?

Аңдатпа


  • "Вакцина жасатқандар жарты жылдан кейін жаппай өле бастайды», бұл ақиқат па?
    09:46
  • Қазақ қызы АҚШ президентінің протокол басшысының міндетін атқарушы болып тағайындалды
    22.01.2021, 13:10
  • «Жас Алаш» – әділдіктің трибунасы
    21.01.2021, 13:59
  • Жәнібек пен Ордаға жол жететін күн бар ма?
    20.01.2021, 09:21
  • Шағаладай шарқ ұрған шақ
    20.01.2021, 09:32