14.01.2021, 13:07
1197
Қарағанды өңіріндегі «Арселор Миттал Теміртау» компаниясына тиесілі Ленин шахтасында 13 қаңтарда сағат 21.53-те апатты жағдай болды.
Шахтада барлау ұңғымасын бұрғылау кезінде метан газы мен көмірдің ұсақ фракциялары бөлінген.
Осы кезде бұрғылау қондырғысының машинисі және оның көмекшісі мен тау-кен шебері ұңғыма түбінде барлау жұмыстарын жүргізіп жатқан болатын. Апат орын алған бойда машинист көмекшісі мен тау кен шебері апатты аймақтан шығып үлгерген.
Өкінішке қарай, машинист ұңғыма түбінен шыға алмай қалған. Авариялық жағдай орын алғанда шахтада үшінші ауысымның 137 маманы болған.
136 адам апат кезінде қауіпсіз жерге шығарылған. Кәсіпорынның авариялық — құтқару қызметі келгеннен кейін шахтаға түсіп, ұңғыманың түбіндегі тау-кен массасын тазалауға кіріскен.
Кен орнының түбінен шыға алмай қалған машинист іздестірілуде. Іздестіру жұмыстарына шахтаның 17 маманы және авариялық-құтқару қызметінің 16 қызметкері жұмылдырылды. Апаттың себеп салдарын анықтау үшін арнайы комиссия құрылған.
Еске салсақ, бір жыл бұрын ақпан айында осы Ленин шахтасында өрт орын алған. Абырой болғанда кеншілер жоғары қабатқа дер кезінде шығып үлгерген еді.
ҰҚСАС ЖАҢАЛЫҚТАР