Мағынасыз көше атаулары өзгереді

Арайлым ЕРКЕБАЕВА

02.06.2023, 12:23

8435

Саран қаласына қарасты Ақтас кентінде мағынасыз атауға ие болған 5 көшенің атауы өзгеретін болды. Көшелерге қазақы атау беру үшін биліктегілер тұрғындарды жинап, қоғамдық тыңдалым өткізген. Ақтас кентіндегі Ленинградская көшесін Әлия Молдағұлова, Бородина көшесін Бейбітшілік, Привольная көшесін Бауыржан Момышұлы, Городская көшесін Кеншілер және 8-марта мен Транспортная деген екі атауға ие болған көшені Қаныш Сәтбаев деп өзгерту жоспарланып отыр.

Қоғамдық тыңдалымға 450 ақтастық жиналса, соның ішінде елу шақты тұрғын көше атауларын өзгертуге қарсы болған. Тұрғындардың арасында көшелерді қазақтың ірі тұлғаларының есімін беруге қарсы шығып, дау айтқандар да болған. Оларға көпшіліктің көше атауының өзгеруін қолдайтындарын айтып, наразы жаққа реніш білдіріп, шу шығарған. Екі тарапқа билік өкілдері басу айтып отырды. Ақтастық тұрғын Игорь Шаравиннің дауыс беру барысында «келімсектер келіп дауыс берді, біз қарсымыз» деген сөзін тұрғындардың бірі бейнежазбаға түсіріп алған. Оған сол жерде тұрғандар «қазақ қалай өз жерінде «келімсек» болады» деп қарсы дау айтқан. Тұрғындар арасындағы дау-дамайды биліктегі атқамінерлер басып, екі жақты ымыраға шақырды. Бұл бейнежазба әлеуметтік желіге тарап, шу болған соң Ақтас тұрғыны Игорь Шаравин мәлімдеме жасады. Ол «келімсек деп жалпы қазақ жұртын айтқан жоқпын, дауыс беруге Дубовкадан, Қарағандыдан адамдардың келгенін айтқан едім, менің сөзімді дұрыс түсінбеді» деп ақталды. Саран қаласы билігінің мәліметінше, көше атауын өзгертуді қоғамдық тыңдалымда тұрғындардың 73 пайызы қолдаған, ал қарсы болғандардың саны 27 пайызды көрсеткен. Сонымен қатар шенеуніктер көше атауларын өзгертуге бюджеттік қаражаттың шығындалмайтынын айтып отыр.

Тегтер:

ҰҚСАС ЖАҢАЛЫҚТАР

Сайт әкімшілігі 16.09.2023, 13:15
Ақтөбеде терроризмді насихаттады деген күдікпен 2 адам ұсталды
Сайт әкімшілігі 16.09.2023, 12:52
Алматыда Астана алаңы мен Сәтбаев көшесінің бір бөлігі жабылады
Сайт әкімшілігі 15.09.2023, 12:30
Жетісуда көлік жылқыға соғылып, бір адам көз жұмды
Сайт әкімшілігі 15.09.2023, 11:20
Ливияда болған су тасқыны құрбандарының саны 11 мыңға жетті
Сайт әкімшілігі 15.09.2023, 10:53
Ақтөбе — Қызылорда тас жолының құрылысы 2024 жылы басталады
Сайт әкімшілігі 14.09.2023, 16:45
5 қарашада 45 аудан мен облыстық маңызы бар қала әкімі сайланады

Аңдатпа


  • Әлем әдебиетін оқыту орыс әдебиетінен бас тарту ма?
    16.09.2023, 13:50
  • Ақтөбеде терроризмді насихаттады деген күдікпен 2 адам ұсталды
    16.09.2023, 13:15
  • Алматыда Астана алаңы мен Сәтбаев көшесінің бір бөлігі жабылады
    16.09.2023, 12:52
  • Ет туралы ертегі
    16.09.2023, 12:33
  • Біздің қоғам шындықтан қорқады
    16.09.2023, 10:55