Майқұдыққа жету-мехнат

Айтбала СҮЛЕЙМЕНҚЫЗЫ

11.11.2020, 16:17

1339

Облыс орталығы мен  Октябрь ауданын қосатын ұзындығы 14 шақырымдық көлік жолы Майқұдық  тұрғындарына мехнат болып тұр.

-Корновируспен қатар басталған  жол азабы сағызша созылып, діңкелетіп бітті. Таңертен және кешкі уақытта  бұл маңда  көлік кептелісі мегополистерден  бір мысқыл да кем емес. Ала жаз бойы тамам көлік  асфальтсыз   жолмен жүріп көмекейімізді шаңға толтырды. Енді  қыстың басында,  қазіргідей  бірде қар түсіп, бірде көк мұз басып  тұрған шақта өмірімізге қатер төніп тұр-дейді, байырғы тұрғын Зейнел ақсақал.

— Айналдырған жалғыз  бірізді жолмен қоғамдық көліктермен жеңіл және жүк таситын машиналар қатар  зулап, жердің мылжа-мылжасын шығарды. Салондарына қалың жолаушы тиеген қоғамдық көліктер кейбір қуықтай қалтарыстардан бұрылғанда қисалаңдап, аунап кете жаздайды. Зәре-құтымыз қалмай  отырады.  Мұндай көліктер бірінің артынан бірі ілесіп жүреді. Алда-жалда аударылып қалса, қаншама адам қынадай қырылады.  Күніне бірнеше мәрте осындай  стрестік жағдайға тап болатын байғұс халықтың мұң-мұқтажымен ешкім санаспайды- деп кейінді,  Майқұдық елді мекенінде  тұратын Самат есімді азамат.

Елдің шағымын естігенмен,  ел билігіндегі азаматтар ешқандай шара қолданбай отыр. Ол аздай, сарапшылар  жақында  алты жолақты жолдың асфальт төселіп біткен жерлерінен ақау тапты. Бір қызымнан бір қызым, әм сорлы демекші, жөндеу жүріп жатқан жолға электр бағаналар орнатылмаған. Жаяу жүргіншілерге арналған жол белгілері қойылмаған. Айналып келгенде, осынау олқылықтардың кесірі жол көлік оқиғасының көбеюне, жаяу жүргіншілердің өміріне қауіп туғызуда.  Соған қарамастан,  қалыпқа келтірілген  5 шақырым аумақпен  көліктердің жүріне  рұқсат етілген. Қит етсе,  ала таяғын ала жүгіретін жол полицейлері  неге апатқа мүмкіндік  беріп қарап  отыр?  Әлде, бұл қолмен жасап отырған кедергілер ме?  Тендерден ұтқан мердігер  міндетінен неге мүлт етеді? Мұндайда  кімге де болсын,  ең алдымен, кісі өмірі мен қауіпсіздігін  бірінші кезекте ескерілуі тиіс міндет емес пе, еді?  Мемлекет сеніміне селкеу түсіретін  жауапсыз кәсіпкерлерді нарықтан ысыратын уақыт келген секілді. Еңсерілген шаруаның сапасын бақылаған сарапшылар   қарақан  басын күйттеген мердігердің құйтырқы әрекетін әшкере етті.  Бұл жөнінде «Жол активтерінің Ұлттық сапа орталығы» РМК облыстық филиалының бөлім басшысы Алексей Рассолов журналистерге  жолдың  астыңғы қабатына төселіп жатқан қиыршық тастардың сапасы сын көтермейтінін  ескертіп, мердігерлер мен тапсырыс берушілерге акты жолданғанын, артынша ол олқылықтар түзетілгенін  жеткізді.

Жөнделіп жатқан  жолдың  жобасы ауқымды. Октябрь ауданының аумағына кіретін   Сұрыптау станциясына қатынайтын мыңдаған  көліктер   күн сайын  Майқұдықты басып өтеді. Сондықтан, қос елді мекеннің  жол азабын тартушы  300 мыңға жуық  жолаушысы  істің аяқталуын тағатсыздана күтіп жүр. Бірақ, көптің  биыл бітеді деп кесіп-пішкен болжамы  келесі жылға қалып, кешеуілдейтін болды. Ресми мәлімет бойынша, міндетке алынған 10 шақырымдық жолға  халық қазынасынан 7 млрд. 200 млн  теңге бөлінген. Қазірге дейін 5 млрд. теңге қаржы игерілген. Қалған қаражатпен қоса, 5 шақырым жолды жаңарту  алдағы жылы еңсерілетін бол

Тегтер: жол қауіпсіздік апат полиция

ҰҚСАС ЖАҢАЛЫҚТАР

Арайлым ЕРКЕБАЕВА 09:05
Діннен тірек таба алмай адасқандарға ақпараттық түсіндіру тобы көмекке келуде
Сайт әкімшілігі 12.08.2022, 10:21
Қарағанды облысында жол-көлік апаты салдарынан үш адам қаза тапты
Сайт әкімшілігі 12.08.2022, 08:51
ШҚО-да қарттар үйінің лауазымды тұлғалары 7,4 млн теңге жымқырған
Бифат ЕЛТАЕВА 11.08.2022, 16:56
Жас таланттарды анықтайтын жоба
Сайт әкімшілігі 11.08.2022, 15:06
Қостанайда балабақша тәрбиешісі үш жасар бүлдіршіннің сүйегін сындырған – министрлік
Сайт әкімшілігі 11.08.2022, 10:22
Қазақстанның бірқатар өңірінде бейсенбі күні бұршақ аралас жаңбыр күтіледі

Аңдатпа


  • "Төбесі құлап жатыр". Талғарда 3 миллиард теңгеге салынған мектеп төңірегінде дау туды
    08:58
  • Қасақана өртеді: Тараздағы әскери бөлімдегі жарылысқа қатысты тың дерек шықты
    12.08.2022, 08:47
  • «Үйдің жыртығын жамау мүмкін емес»: Елордада 50 жыл болған жатақхана құлағалы тұр
    11.08.2022, 09:04
  • Смайыловтың Президентке ұсынған болжамы дөп келе ме?
    10.08.2022, 09:37
  • «ЭКСПО-2017»: Миллиардттарға салынған мақтаулы нысандар су астында қалды
    09.08.2022, 08:49