Мал азығына пайызы төмен несие беріледі

Сайт әкімшілігі

16.11.2021, 13:43

98

Түркістан облысында қажеттілік болған жағдайда мал азығын сатып алу үшін шаруаларға төмен пайызбен несие беріледі. Бұл туралы облыс әкімі Өмірзақ Шөкеевтің төрағалығымен өткен мәжілістеоблыстық ауыл шаруашылығы басқармасының басшысы Н.Бадырақов баяндады.

Биылғы қуаңшылық батыс өңірлерімен қатар, Түркістан облысы Сарыағаш, Келес аудандарының алқаптарына да кері әсерін тигізгені белгілі. Мал азығын сатып алу шығындарын азайту үшін төмен пайызды мөлшерлемемен қаржы ұйымдары арқылы несие беру тетіктері қарастырылды. Берілетін несиенің шарттары бойынша жылдық үстеме қаржысы 6 пайыздан аспайтынын және кәсіпкерлік сертификат талап етілмейтінін жеткізді. Өңірде 4,2 млн тонна мал азығы жиналып, жоспар артығымен орындалған.

«Мал азығымен қамтамасыз ету – аудандық деңгейде шешілетін мәселе. Сондықтан оған тікелей жауап бересіздер. Барлық шаруашылықтарды зерделеп, сараптама жасау керек. Егер ауданда шешілмейтін, облыстық деңгейдегі мәселе болса, бізге шығыңыздар. Көмектесейік. Қаржы ұйымдарымен келісіп отырмыз, қажет болса, төмен бағамен несие берейік. Ұлттық парк аумақтарына мал жаюға рұқсат алып бердік. Тағы да қолдау керек болса, ол жағын да қарастырамыз. Жергілікті аумақтарда ауыл шаруашылығы саласын дамыту, бақылау аудан, қала әкімдерінің міндеті. Жұмысты ширатыңыздар» деген өңір басшысы тиісті басқарма мен аудан, қала әкімдеріне мал азығы тапшылығын жою, осы саладағы мәселелерді реттеу жөнінде тапсырма берді.

Тегтер:

ҰҚСАС ЖАҢАЛЫҚТАР

Сайт әкімшілігі 10:30
Келесте 14 мал ұрлығына қатысы бар топ ұсталды
Сайт әкімшілігі 09:43
Коронавирус жұқтырған жеті қазақстандық ауыр жағдайда жатыр
Сайт әкімшілігі 21.05.2022, 19:13
Шымкенттегі жарылыс: Оқиға салдарынан бір нәресте шетінеді
Сайт әкімшілігі 21.05.2022, 18:29
Шымкент:Төтенше жағдайлар департаментінің бастығы жарылысқа байланысты шұғыл брифинг берді
Нұр-Қасым ЖОМАРТ 20.05.2022, 11:50
Кәсіпкерлік ортаның бәсекесі қыза бастады
Айтбала СҮЛЕЙМЕНҚЫЗЫ 19.05.2022, 11:25
Қарағанөзектік балалар өлімге бас тігіп жүріп білім алуда

Аңдатпа


  • Келесте 14 мал ұрлығына қатысы бар топ ұсталды
    10:30
  • Мусин міз бақпайды
    19.05.2022, 08:52
  • Сор болған стрестік активтер
    19.05.2022, 08:56
  • Балалар жылында балалар неге шеттетіледі?
    19.05.2022, 08:40
  • Қалтырауық үкімет
    18.05.2022, 06:20