Мамин келгеннен мәселе шешіле ме?

Сәтжан ҚАСЫМЖАНҰЛЫ

11.11.2020, 08:27

1453

       «Жас Алаш» газетінің өткен нөмірінде «Қызыл аймақтағы» Шығыс Қазақстан Тоғжановтың тапсырмасын орындай ала ма?» деп жазған едік. Айтып ауыз жиғанша, араға апта салмастан, үкімет басшысы Асқар Маминнің өзі де шығыс өңірге келіп қайтты. Орынбасары Ералы Тоғжанов сияқты ол да облыс әкімі Даниал Ахметов бастаған жергілікті шенділерге тапсырма беріп, есептерін тыңдап қайтты.

      Сонымен,  премьер-министр Асқар Мамин де Шығыс Қазақстан облысында  COVID-19 бойынша жағдайды тұрақтандыруды тапсырды. Облыс басшылығына коронавирус инфекциясының одан әрі таралуына жол бермеу, халыққа санитарлық талаптарды түсіндіру және оның сақталуын бақылау, одан басқа да «өйту мен бүйту» бойынша жұмысты күшейтуді тапсырғанымен, оның шырылдаған шыбын жанға шипа бола қоюы неғайбыл.

    Маминға ере келген денсаулық сақтау министрі Алексей Цой болса алдағы желтоқсан айында ауру деңгейі артуы мүмкін екенін «естіртіп» алып: «Ауру көбейді деп үрейленудің қажеті жоқ, бұл қалыпты жағдай. Біздің мақсатымыз – барлық ошақтарды жойып, стационарларда тиісті ем-шараларды жүргізу. Ең бастысы, өлім-жітім санын азайту», – деп, «мен не деймін, домбырам не дейдінің» керін келтірді.

⠀   Қазіргі уақытта республика бойынша індет жұқтырғандардың 50 пайызы Шығыс Қазақстан облысында анықталып отыр. Ауруды жұқтырғандар саны бойынша облыстың «қызыл аймаққа» еніп кеткені белгілі. Өткен аптамен салыстырғанда өңірде сырқаттанушылық 5,4 есеге өсіп, күн сайын 350-ден аса ауру тіркеліп отыр, жағдайы ауыр науқастардың саны артқаны тағы бар.

⠀   Коронавирус бойынша жоғары көрсеткіштің көш басында Өскемен және Семей қалалары көзге түсіп тұр. Денсаулық сақтау министрлігінің дерегіне сүйенсек, жергілікті билік Айға бата жасап, жайбарақат отырған жоқ сияқты: облыста медициналық бригаданың жұмысын үйлестіретін 584 мобильді оқшаулау орталығы жұмыс істейді. Бүгінде желіде 516 бригада бар екен, олар 1978 инфекция ошағын және ауруды жұқтырғандармен байланыста болған 4709 адамды бақылайды. Қажет болған жағдайда қосымша 100 бригада құруға мүмкіндік бар.

⠀ ⠀ШҚО әкімдігінің мәліметіне сүйенсек, медициналық мекемелерде екі айлық дәрі-дәрмектер мен жеке қорғаныш құралдарының қоры бар. Жедел медициналық жәрдем машинасы паркі 60 бірлікке толықты, жыл соңына дейін қосымша 156 жедел жәрдем көлігі жеткізілмек.

      Бір қарағанда бәрі тастай, індетке қарсы күрестегі міндетін мінсіз атқарып жатқан сияқты. Алайда облыс әкімі Даниал Ахметовтің ала жаздай Татарстаннан дәрігерлерді топ-тобымен шақырып, іс-тәжірибе алмасқандары, ақыр соңында шығыс өңірде медициналық іс-тәжірибенің басқалар қызығарлықтай деген оймен тарқасқандары да ойға түспей тұрмайды. Ал «қайта шапқан жау жаман» екенін байқатып қайыра соққан қауіпті індет өңірдегі барлық аудандардың қауқары қандай екенін күн сайын әйгілеп жатыр.

Тегтер: медицина біліктілік. коронавирус індет қауіп қатер

ҰҚСАС ЖАҢАЛЫҚТАР

Сайт әкімшілігі 12:14
Орал тұрғындары үйді бұзуға қарсы наразылыққа шықты
Сайт әкімшілігі 15.10.2021, 17:20
Жаңа заң жобасы қабылданды
М.СӘУЛЕБЕК 15.10.2021, 12:19
Үлкен жолайрық – үлкен қалаларға тән құбылыс
Арайлым ЕРКЕБАЕВА 15.10.2021, 08:25
«Мұнайдың үстінде отырып мұнайға жарымаймыз»
Еңлік АРЫҚБАЙ 15.10.2021, 08:23
Мектеп құлап жатыр: рас па?
Сайт әкімшілігі 14.10.2021, 12:01
«Атамекен-Түркістан» микро қаржы ұйымы алғашқы жобаны қаржыландырды

Аңдатпа


  • Гүлшара Әбдіқалықова «Жас Алаштың» тілшісімен кездесті
    05.10.2021, 11:21
  • Ұлт құндылығының ұлағаты
    14.09.2021, 12:30
  • «Жас Алаштың» 100 жылдығы Жамбылда жалғасты
    03.08.2021, 11:01
  • «Жас Алаш» газетінің мерейтойына орай бильярдтан турнир өтті
    30.07.2021, 12:31
  • "Жас Алаштың" 100 жылдығына орай Таразда бильярдтан турнир өтуде
    29.07.2021, 12:29