24.09.2020, 06:46
383
Шымкентте коронавирусқа қатысты эпидемиологиялық ахуал тұрақты. Ақпараттық-коммуникациялық орталығында өткен брифингте Шымкент қалалық Денсаулық сақтау басқармасы басшысының міндетін атқарушысы Ғалымжан Әбішевтің осылай деп мәлімдеді.
Баспасөз мәжілісінде Ғалымжан Мотайұлы пандемияға байланысты қаладағы бүгінгі жағдай туралы сөз қозғады.
– Қазіргі таңда қалада эпидемиологиялық ахуал тұрақты. Яғни, инфекциялық ауруханалардағы төсек-орынның 85 пайызы бос. Ал жұмыс істеп тұрған мобильді бригадалардың саны 211-ден 123-ке дейін төмендеді. Дегенмен болжамды екінші толқын ықтималдығына байланысты дайындық жұмыстары жалғасуда. Осы орайда пневмония диагнозын анықтау үшін 3 КТ аппараты мен 88 өкпені жасанды желдету аппараты сатып алынса, Денсаулық сақтау министрлігінен 156 аппарат жеткізіледі деп күтілуде. Сонымен қатар, 250 «Бобров» аппаратын алу үшін сатып алу жұмыстары жүргізілуде, – деді Ғ.Әбішев.
Спикердің сөзінше, коронавирустық инфекцияны диагностикалау үшін осы жылдың наурыз айынан бастап 6 зертхана іске қосылған. Тәулік бойы жұмыс істейтін бұл зертханалардың қуаттылығын күніне 2500 ПТР-ден 3500 ПТР-ге дейін ұлғайтылмақ.
ҰҚСАС ЖАҢАЛЫҚТАР