Мегаполисте Азаматтық форум өтті

Сайт әкімшілігі

18.11.2020, 15:41

282

Шымкент қаласында «Қоғам және мемлекет: Серіктестік пен дамудың 30 жылы «Birgemiz» тақырыбында II Азаматтық форумы өтті. Бұл туралы Шымкент қаласы әкімінің баспасөз қызметі хабарлады.

Қоғам белсенділерін біріктіретін дәстүрлі ауқымды іс-шара биыл қатысушылардың қауіпсіздігі үшін Азаматтық форум онлайн форматта ұйымдастырылды.

Жиынға онлайн қатысқан қала әкімі Мұрат Әйтенов осы форумда қоғамды дамытуға бағытталған әрбір жоба мен шешімін күткен мәселелерді бірлесіп талқылауға дайын екенін жеткізді.

–Үкіметтік емес ұйымдар Шымкентте де бірқатар әлеуметтік мәселелердің шешілуіне ықпал етіп келеді. Бүгінде қаламызда 800-ге жуық үкіметтік емес ұйым жұмыс істейді. Азаматтық қоғам мүшелері қаламыздың әлеуметтік-экономикалық дамуына қомақты үлес қосып келеді. Бүгінгі форумда біз қоғамды дамытуға бағытталған әрбір жоба мен шешімін күткен өзге де мәселелерді қозғап, бірлесіп талқылауға дайынбыз, — деді қала әкімі

Форум аясында семинарлар, дөңгелек үстелдер, пікірталас алаңдары, сұрақ-жауап, министрліктер мен ведомстволардың өкілдерімен салалық кездесулер өтеді.

Айта кетейік, аталған форумға Қоғамдық даму вице — министрі Болат Тілепов, «Қазақстанның Азаматтық Альянсы» заңды тұлғалар бірлестігінің  президенті Бану Нұрғазиева «Шымкент қаласы Мәслихатының хатшылығы, «Nur Otan» партиясы Шымкент қалалық филиалы мен Шымкент қаласының үкіметітк емес ұйым  өкілдері қатысуда.

Тегтер:

ҰҚСАС ЖАҢАЛЫҚТАР

Сайт әкімшілігі 15.10.2021, 17:20
Жаңа заң жобасы қабылданды
М.СӘУЛЕБЕК 15.10.2021, 12:19
Үлкен жолайрық – үлкен қалаларға тән құбылыс
Арайлым ЕРКЕБАЕВА 15.10.2021, 08:25
«Мұнайдың үстінде отырып мұнайға жарымаймыз»
Еңлік АРЫҚБАЙ 15.10.2021, 08:23
Мектеп құлап жатыр: рас па?
Сайт әкімшілігі 14.10.2021, 12:01
«Атамекен-Түркістан» микро қаржы ұйымы алғашқы жобаны қаржыландырды
Гүлнар ДҮЙСЕБАЙ 14.10.2021, 10:56
Даланың дана диқаны

Аңдатпа


  • Гүлшара Әбдіқалықова «Жас Алаштың» тілшісімен кездесті
    05.10.2021, 11:21
  • Ұлт құндылығының ұлағаты
    14.09.2021, 12:30
  • «Жас Алаштың» 100 жылдығы Жамбылда жалғасты
    03.08.2021, 11:01
  • «Жас Алаш» газетінің мерейтойына орай бильярдтан турнир өтті
    30.07.2021, 12:31
  • "Жас Алаштың" 100 жылдығына орай Таразда бильярдтан турнир өтуде
    29.07.2021, 12:29