02.09.2020, 07:30
213
Шымкент қаласы білім басқармасының басшысы Жанат Тәжиева онлайн форматта өткен тамыз кеңесінде мегаполисте мамандандырылған IT лицей мектебінің ашылатынын жеткізді.
Қалада жаңа оқу жылынан бастап «Цифрлы Қазақстан» бағдарламасы аясында «Дарынды балаларға арналған мамандандырылған IT лицей-интернаты» есігін айқара ашпақ. Сондай-ақ, 5 «IT мектеп-лицейі» қайта құру арқылы жаңа бағытта жұмыс істейді. Осыған байланысты 12 STEM лабораторияларын ашу да жоспарлануда.
Одан бөлек, биылғы жаңа оқу жылында «Оқушылар сарайы» базасында заманауи жабдықтармен қамтамасыз етілген «IT-орталығы» қосымша білім береді.
ҰҚСАС ЖАҢАЛЫҚТАР