07.11.2020, 03:28
650
Бұл туралы Шымкент қаласының денсаулық сақтау басқармасы басшысының міндетін атқарушысы Бақытжан Позилов баспасөз брифингте мәлімдеді. Бақытжан Жолдасбекұлының айтуынша, бірқатар көрсеткіштер бойынша жедел жәрдем қызметі республикада үздік үшінші орында тұр.
– Ұлттық шұғыл медицинаны үйлестіру орталығы барлық өңірлер бойынша 9 айлық көрсеткішті жария етті. Оған сәйкес, Нұр-Сұлтан қаласы, Павлодар облысы және Шымкент қаласы үздік үштікті түйіндеп тұр. Атап айтқанда, сәтті реанимациялық көмек, жедел жәрдемнің уақытылы жетуі, жедел жәрдем көлігі және мамандардың қажетті құрал-жабдықтармен қамтылуы және тағы басқа көрсеткіштер бойынша жақсы нәтижелерге жетіп отырмыз, – деді Б. Позилов.
Мегаполисте бүгінде жедел жәрдем қызметі күнделікті 1300 қоңырауға дейін қабылдауда.
ҰҚСАС ЖАҢАЛЫҚТАР