Мектеп құлап жатыр: рас па?

Еңлік АРЫҚБАЙ

15.10.2021, 08:23

623

Талғар ауданындағы мектептердің бірі құлап жатыр деп оқырман хабарласты. Айтуынша, Дәулет ауылындағы №11 мектеп 2019 жылы қолданысқа берілген. Қазіргі уақытта жаңа ғимаратқа ата-ана баласын жіберуге үрейленіп отыр. Себебі білім ошағы кез келген уақытта құлап қалуы мүмкін.

Дәлел ретінде мектептің іші осындай күйде деп түсірілген бейне жолдауда. Бейнежазбада ғимараттың ішкі қабырғасы құлау үстінде. Қайтадан сылап жатса да, құлап жатыр делінген. Жылыту жүйесіне қатысты да пікір айтылады. Айта кетерлігі, бұл мектептің құрылысына бюджет есебінен 1 млрд 900 млн теңге қаражат бөлінген.

Мәселенің анық-қанығын білу мақсатында Талғар аудандық білім бөлімінің басшысы Қарлыға Айсабекқызына хабарластық. Оның айтуынша, Дәулет ауылындағы №11 мектеп 2019 жылдың тамыз айында салынып, оны қабылдау комиссиясы қабылдаған. Ал 2020 жылдың қаңтар айында жерасты суларының деңгейі көтерілуінен бірінші қабаттың ішкі бөлімдері құлай бастаған. «Жоба авторы «Нұр Құрылыс-80» ЖШС құрылыс басталғанға дейін топырақты геологиялық зерттеуден өткізуі тиіс болатын. Жобалау кезінде авторлық қадағалау тексеріс нәтижесін жерасты суларының деңгейі 5 метрден төмен болмады деп есеп берді. Ал іс жүзінде жерасты суы жер деңгейінен 0,7-ге дейін көтерілді. Бұл жағдай аудан әкімі Қайдар Әбдіхановтың жіті бақылауында», – дейді құзырлы мекеме өкілі.

Сол уақытта, 2020 жылы, Талғар ауданы әкімдігінің құрылыс бөлімі жобалық ұйымды сотқа берген болатын. Өз кезегінде «Еламан» ЖШС мердігерлік компаниясы ақауды анықтағаннан кейін бірден жұмысқа кірісті. Қайта жөндеу жұмыстары тегін негізде жүзеге асырылды. Өйткені 2 жылдық кепілдік мерзімі бар. Күшейту жұмыстары осы күнге дейін жүргізілуде.

Жарияланған бейнежазба болса 2020 жылы жерасты суларының деңгейі көтерілген кезде түсірілген. Бейнедегі олқылықтар өткен жылы жойылған көрінеді. Бұл – елді дүрліктіру ме, әлде ақиқатты жасыру ма, біле алмадық.  

Тегтер: мектеп мәселе ұстаз басшылық лицензия жанайқай

ҰҚСАС ЖАҢАЛЫҚТАР

Расул ЖҰМАЛЫ 16:47
Азамат!
Сайт әкімшілігі 12:01
Арықта ұйықтап қалған бала отбасына оралды
Сайт әкімшілігі 11:58
Алты адам қаза тапқан жол апатының себептері анықталып жатыр
Сайт әкімшілігі 20.10.2021, 19:38
Жалпақ жұртқа аты мәлім Жақаев
Бақыт ТІЛЕГЕН 20.10.2021, 18:42
Ерікті болу еріккеннің ісі емес
Арайлым ЕРКЕБАЕВА 19.10.2021, 16:02
Жазықты сытылып кетсе, жазықсыз соттала ма

Аңдатпа


  • «Ақиқаттың алдаспаны» байқауына қатысыңыз
    19.10.2021, 10:30
  • Гүлшара Әбдіқалықова «Жас Алаштың» тілшісімен кездесті
    05.10.2021, 11:21
  • Ұлт құндылығының ұлағаты
    14.09.2021, 12:30
  • «Жас Алаштың» 100 жылдығы Жамбылда жалғасты
    03.08.2021, 11:01
  • «Жас Алаш» газетінің мерейтойына орай бильярдтан турнир өтті
    30.07.2021, 12:31