Мектептерде жөндеу жұмыстары аяқталды

Сайт әкімшілігі

26.10.2020, 10:00

142

Шымкент қаласында мектептердің ағымдағы жөндеу жұмыстары толық аяқталды. Бұл туралы Шымкент қаласы әкімінің баспасөз қызметі хабарлады.

 Қалада 25 мектеп күрделі жөндеуді қажет етеді. Биыл 7 білім ошағында күрделі жөндеу жұмыстары аяқталып, пайдалануға тапсырылды. Алдағы жылы 5 мектептің ғимаратына күрделі жөндеу жүргізуге жобалық құжаттар дайындау үшін қаржы қаралған.

Сонымен қатар, қазіргі таңда 4 балабақшада күрделі жөндеу жұмыстары толығымен орындалды. Қалған 2 мекеменің құрылысын желтоқсан айына дейін аяқтау жоспарлануда.

Қалада жалпы 9 мемлекеттік балабақша ғимаратын күрделі жөндеуден өткізу қажет. Келесі жылы 3 балабақшаның құрылыс жұмыстарына жобалау-сметалық құжаттары әзірленуде.

Сондай-ақ, биыл «Жол-көлік» колледжінің жатақханасы, үш тілде оқытатын мамандандырылған №1 мектеп-интернатының жатақханасы, «№3 Балалар эстетикалық саз мектебі» ғимараты күрделі жөндеуден өтті.

Қаланың демографиялық өсіміне байланысты жыл сайын мектеп оқушыларының саны 12 мыңнан астам балаға артып отырады. Апатты мектептер санының артуының алдын алу мақсатында жыл сайын мектеп ғимараттарының техникалық жағдайына талдау жүргізіліп, нәтижесі бойынша күрделі және ағымдағы жөндеу жұмыстары атқарылуда.

Тегтер:

ҰҚСАС ЖАҢАЛЫҚТАР

Айтбала СҮЛЕЙМЕНҚЫЗЫ 11.06.2021, 11:11
Кім кінәлі?: Жауап берсін!
М.СӘУЛЕБЕК 10.06.2021, 17:45
Мегаполис бюджеті 2,7 есеге көбейген
Айтбала СҮЛЕЙМЕНҚЫЗЫ 10.06.2021, 14:13
Бір дүкеннің маңынан үш күннің ішінде екі мәйіт табылды
Мариям МАҚСАТ 10.06.2021, 12:04
«1 млрд теңгелік ескерткіштің ар жағынан жемқорлық «қылтиып» тұр»
Сайт әкімшілігі 08.06.2021, 16:45
Елордада 49 мектеп аралас тілде, 34 мектеп қазақ тілінде білім береді
Миуа БАЙНАЗАРОВА 08.06.2021, 14:00
Сыр елінің құт-берекесі неге қашып тұр?!

Аңдатпа


  • Кім кінәлі?: Жауап берсін!
    11.06.2021, 11:11
  • Ресей деградацияға ұшырауда
    10.06.2021, 10:33
  • Түнгі жол (Әңгіме)
    08.06.2021, 12:00
  • Жеңсең, жүз атаң табылар еді...
    08.06.2021, 10:30
  • Қазақ тілінде оқымаған бала ұлттың ұлы бола ала ма?
    03.06.2021, 09:02