Мемлекеттік тіл – қызмет тілі

Гүлжан СЕРІК

25.05.2021, 17:01

2759

Тіл – ұлттың ұлы игілігі, әрі оның ажырамас бөлігі. Кез келген халықтың болмыс-тіршілігі, өркениеттілігі, мәдениеті сол тілдің қолданыс ауқымдылығымен өлшенеді.

         Еліміз Тәуелсіз мемлекет атанғалы бері, ана тіліміздің қолданыс өрісі кеңейіп, тіліміз мемлекеттік мәртебеге ие болды.

         Мемлекеттік тіл мемлекеттік маңызды мәселе болғандықтан, ол азаматтық патриотизм, мәдени тұтастық сияқты ұғымдармен байланысты. Түптеп келгенде, ол өңірдің, елдің ұлттық қауіпсіздігі, әлеуметтік тұрақтылығы мен интеллектуалды даму мәселесі де. Сонымен қатар, мемлекеттік тіл – мемлекеттің бет-бейнесі. Тіл – елдің мәдениетін қалыптастыратын ұйытқы, ұлттық бірліктің негізі, адамның рухани және имандылық қасиеттерінің басты факторы. Тіл білу халықты, оның тарихын, тұрмысы мен әдет-ғұрып, салт-дәстүрлерін терең тануға жол ашады. Өзгелерге мемлекет ретінде танылғымыз келсе, біз ең алдымен қасиетті ана тілімізді сақтауымыз қажет. Өйткені, тілі жоғалған күні ұлттың өзі де жоғалатыны анық. Тарихта алдымен тілін жоғалтып, содан соң өздері жоғалған ұлттар қаншама. Тарихтан белгілі, қандай ел болмасын бостандық алғаннан соң ең бірінші тілдің мәселесін шешеді.

         Мемлекеттік тіл – бүкіл қазақстандықтардың тілі. Сондықтан да «Мемлекеттік тілдің проблемасы – тек қазақ халқының ғана проблемасы» — деп қарауға болмайды. Әлемдегі барлық өркениетті елдердегідей мемлекеттік басқару жүйесінде қызмет істейтіндердің бәрі бұл тілді білуі жөн. Елімізде мемлекеттік тілдің қолдану аясын кеңейту – бүгінгі таңдағы өзекті мәселе. Ал бұл істің шешуі шыдамдылық пен табандылықты талап етеді. Тілді үйрету зорлықпен емес, шынайы ынтамен ыңғайлайтын шаруа. Мемлекеттік тілді білу – кәсіби талап. Мұны Тұңғыш Президентіміз Н.Ә. Назарбаевтың Қазақстан халықтары ассамблеясының ХІІ сессиясында сөйлеген сөзінен байқауға болады. «Қоғамға біздің тіл саясатымыздың мәнін тереңірек және дәлірек түсіндіру керек...».

         Мемлекеттік тіл – еліміздің азаматтарын  топтастырудың мықты іргетасы болары хақ. Әрбір қазақстандық мемлекеттік тілді құрметтеуге, оны үйреніп, білуге бейім болғаны абзал. Өйткені, қазақ тілі – еліміздегі халықтардың басым бөлігінің тілі. Болашақта мемлекеттік тіл ретінде оның мәртебесі біздің елімізде қоғам биігінен көрінуге тиіс.

Тегтер:

ҰҚСАС ЖАҢАЛЫҚТАР

М.СӘУЛЕБЕК 24.09.2021, 15:04
Инвесторлар үшін тартымды өңір
Арайлым ЕРКЕБАЕВА 24.09.2021, 11:13
Жезқазғанда экспедиция қатысушылары бұрын зерттелмеген петроглифтерді анықтады
Сайт әкімшілігі 24.09.2021, 09:25
Нұр-Сұлтаннан Ыстамбұлға шыққан ұшақ шұғыл қонды
Еркежан АРЫН 23.09.2021, 15:30
Жастардың мемлекеттік саясаты өзгеруі мүмкін
Еркежан АРЫН 23.09.2021, 13:00
Еріктілер вакцинаның маңыздылығын насихаттауда
Арайлым ЕРКЕБАЕВА 23.09.2021, 08:30
Сарандағы РТБ зауыты ауданында тіршілік жаңарды

Аңдатпа


  • Ұлт құндылығының ұлағаты
    14.09.2021, 12:30
  • «Жас Алаштың» 100 жылдығы Жамбылда жалғасты
    03.08.2021, 11:01
  • «Жас Алаш» газетінің мерейтойына орай бильярдтан турнир өтті
    30.07.2021, 12:31
  • "Жас Алаштың" 100 жылдығына орай Таразда бильярдтан турнир өтуде
    29.07.2021, 12:29
  • "Жас Алаштың" 100 жылдығына орай ұйымдастырылған бильярд турнирі тартысты өтті
    14.03.2021, 11:39