21.11.2020, 18:00
53
Шымкент қалалық Қазақстан халқы Ассамблеясында басқосу өтті. Жиынға Шымкент қаласының Ішкі саясат және жастар ісі жөніндегі басқармасының бастығы Жанар Бектаева, Ассамблея жетекшілері, үшінші мегаполистегі этно-мәдени бірлістіктердің мүшелері, қоғам белсенділері мен БАҚ өкілдері қатысты.
Жиында басқарма басшысы Жанар Әлібекқызы қалалық Ассамблея шеңберінде мемлекеттік тілді дамыту бойынша кешенді іс-шаралар атқаруды ұсынды. Үшінші мегаполистегі этно-мәдени ұйымдары аясында, әсіресе, шалғай елдімекендерде Ассамблея жұмысын дамытудың маңызы сөз болды.
Басқарма басшысы этно-мәдени бірлестіктер тарапынан қазақ тілін жетік меңгергісі келетін тұрғындардың тізімі ұсынылса, оқытуға жағдай жасалатынын атап өтті. Ал этно-мәдени бірлестіктердің жетекшілері Шымкенттегі түрлі этнос өкілдерінің қазақ тілін меңгергеруге деген құлшынысының жоғары екендігін атап өтті.
Басқосу соңы басқа да тақырыптар бойынша еркін пікір алмасуға ұласты.
ҰҚСАС ЖАҢАЛЫҚТАР