Меркіде «Мейірім» ашылды

Сайт әкімшілігі

08.12.2020, 12:25

336

Меркі ауданы, Сарымолдаев ауылында жаңа диагностикалық орталық ашылды. Бұл ауылды жерде ашылып отырған алғашқы диагностикалық орталық.

Мейірім деп аталатын осынау орталық жайында «Мейірім» Тараз медициналық орталығының бас дәрігері, желінің басқарушы директоры Гүлчахра Маметова:

— Бізде ең заманауи қондырғылар, оның ішінде магнитті-резонанстық томограф, 80 тілімді компьютерлік томограф, цифрлық рентген және флюорографиялық, жаңа үлгідегі УДЗ аппараттары орнатылған. Магнитті-резонансты және компьютерлік томографияға арналған заманауи аппараттар барлық мүшелерді тексеруге мүмкіндік береді, сондай-ақ нәтижелердің ең жоғары дәлдігін қамтамасыз етеді. Коронавирустық пандемия кезінде бәріміз компьютерлік томография диагноз қоюдағы ең сенімді және негізгі әдіс екеніне көз жеткіздік, — деді.

Сондай-ақ, диагностикалық орталықта терапевт, кардиолог, невропатолог, педиатр, окулист, отоларинголог, гинеколог, жалпы тәжірибелік дәрігерлерінің қабылдау кабинеттері ашылмақ. Тәулігіне 50-ден астам адам мамандардың қабылдауында болып, 120 адам МРТ және КТ, сондай-ақ 250 адам флюорографиядан өте алады.

Жаңа орталықтың ашылуында аймақ басшысы Бердібек Сапарбаев адамның ең үлкен байлығы – оның денсаулығы екенін атап өтті.

— Ең бастысы, біздің тұрғындар өздерін жақсы сезінуі тиіс. Тәуелсіздіктің алғашқы күндерінен бастап Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев медицина мен денсаулық сақтауға салаларына айрықша көңіл бөлу үшін басымдықтарды белгіледі. Тек дені сау ұлт қана табысқа жете алады. Меркі ауданында үлкен жұмыстар атқарылғанын көріп отырмыз, қымбат жабдықтар сатып алынып, білікті мамандар даярланған. Жамбыл облысында төрт МРТ және 11 КТ аппараты бар. Жамбылдықтардың денсаулығы үшін біз облыстың әрбір аудан орталығын заманауи томографтармен қамтамасыз етуіміз керек, — деді облыс әкімі.

Сонымен қатар, Бердібек Сапарбаев Меркі ауданының сондай-ақ жақын көршілес Шу, Қордай және Т.Рысқұлов аудандары тұрғындарын сапалы, ең бастысы – уақтылы диагностикамен қамту мүмкіндігіне қол жеткізіліп отырғанын баса айтты.

— Денсаулық жағдайын білуі үшін енді мұндағы тұрғындар сонау Тараз бен Алматыға сабылмайтын болады, — деді облыс әкімі.

Орталық директоры толық қуаттылықта жұмыс істеу үшін 110 медицина қызметкері жұмылдырылатынына сендірді, олардың көпшілігі меркіліктер. Ал 24 дәрігердің 20-сы жергілікті тұрғындар.

Тегтер:

ҰҚСАС ЖАҢАЛЫҚТАР

Мариям МАҚСАТ 08:50
Әупірімдеп жүріп соңғы сатыдан көтерілді
Сәтжан ҚАСЫМЖАНҰЛЫ 22.04.2021, 13:43
Семейліктер ескі мен жаңаның ортасында жүр
Миуа БАЙНАЗАРОВА 22.04.2021, 13:34
Мақсатымыз – білімді, білікті ұрпақ тәрбиелеу
Айтбала СҮЛЕЙМЕНҚЫЗЫ 21.04.2021, 16:37
Балқаштағы ұшақ апатының салдары мәлім болды
Сатан НҮСІПҚОЖАЕВ 21.04.2021, 12:21
«Жер сатылмайды» дейді...
Тоқтар ҒАБДРЕШҰЛЫ 21.04.2021, 12:17
Жайықтың өзі қымбат па, жағалауы қымбат па?

Аңдатпа


  • Жасымнан жол сілтеген шамшырағым
    09:03
  • Қонаевтың іс-әрекеттерін қалай бағалауымыз керек?
    21.04.2021, 09:13
  • Бердіқұлов тағылымы
    21.04.2021, 09:03
  • Жыры бітпеген электронды жүйе
    20.04.2021, 10:10
  • Артық мұнай қоры бітуге жақын - БАҚ
    19.04.2021, 10:25