Мобильді топтар тегін дәрі-дәрмекпен қамтамасыз етеді

Сайт әкімшілігі

25.08.2020, 18:26

8

Шымкент қаласындағы емханалар жанынан құралған мобильді топтар 60 мың науқасты тегін дәрі-дәрмекпен қамтамасыз етті. Медицина мамандары дәрілік заттарды диспансерлік есепте тұратын науқастардың үйіне жеткізіп беруде.

Бұл туралы бүгін ақпараттық-коммуникациялық орталықта өткен брифингте қалалық денсаулық сақтау басқармасы басшысының міндетін атқарушы Тимирхан Варзилов баяндады.

«Бүгінде 211 мобильді топ тәулік бойы шақыртуларға шығуда. Қазіргі таңға дейін 23 мыңнан аса науқастың үйіне барып, медициналық қызмет көрсетті», — деді ол.

Бұдан бөлек,   мединалық мекемелерде дәрілік заттардың 2 айлық қоры бар. Сондай-ақ,  қаланың бөлшек дәріханаларында дәрілік заттардың негізгі қоры жеткілікті.  Нақтырақ айтқанда,   120 600 қорап  ыстықты түсіретін және  175 000 қорап  вирусқа қарсы препараттар, 1 982 000 антибиотиктер,  24 860 қорап антикогулянттар,  730 000 қорап «С» витамині бар.

Айта кетейік, қаладағы эпидемиялогиялық ахуал күннен күнге жақсарып келеді. 17 тамыздағы жағдай бойынша коронавирус инфекциясын жұқтырғандар саны — 5150 тіркелген. Оның ішінде симптомды — 2625, симптомдыз — 2525 жағдай.  4292 науқас коронавирус індетінен жазылып шықты.

Тегтер:

ҰҚСАС ЖАҢАЛЫҚТАР

Нұр-Қасым ЖОМАРТ 22.09.2020, 10:50
Суы мен жолы, мектебі мен емханасы жоқ Сабалақ
Бақытжан ӘБДІРАШҰЛЫ 22.09.2020, 10:44
«Ең үздік жоба» жемқорлықты ауыздықтай алмады
Нұр-Қасым ЖОМАРТ 22.09.2020, 10:41
Тоқаевтың тапсырмасы неге орындалмады?
Арайлым ЕРКЕБАЕВА 22.09.2020, 10:25
Арызын билікке жеткізе алмаған
Мариям МАҚСАТ 22.09.2020, 09:53
Келмеске кеткен «Кутузовты» көксегені несі?
Сайт әкімшілігі 21.09.2020, 17:48
Күшті дауыл мектептің шатырын жұлып әкетті

Аңдатпа


  • Бір тәулікте қанша адам коронавирус жұқтырғаны анықталды
    23.09.2020, 09:43
  • Nur Otan еліміздің солтүстік облыстарына қатысты қандай уәде береді?
    22.09.2020, 09:50
  • Конгресс-Холл экс-директоры миллиардтаған ақша жымқырған ба?
    21.09.2020, 15:07
  • 100 жастағы әжей пневмониядан жазылып шықты
    20.09.2020, 14:39
  • Көлік кептелісінен құтылар күн бар ма?
    18.09.2020, 14:27